Талдықорғанда әскери медбикелер сайысы өтті

Бүкіләлемдік мейірбикелер күніне орай Талдықорған гарнизонының әскери госпиталінде медицина қызметкерлері арасында сайыс өтті. Сайыс шарты бойынша әр қатысушы өзін таныстырудан бастап қызметі бойынша теориялық сұрақтарға жауап беріп, оны практикамен ұштастырды.

Гарнизонға қарасты әр әскери бөлімнің мейірбикесі аталған шарада кәсіби шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынады. «Денсаулыққа пайдалы ас» тақырыбында тағам әзірледі, бірі монолог оқыса, енді бірі әуелете ән шырқады.

- Орта буын медицина қызметкерлеріне артылған жауапкершілік зор. Адам өмірін сақтап қалуда алғашқы көмек қолын созатын да солар. Сондықтан медбикелердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, олардың арасында бәсекелестікті қалыптастыру мақсатында аталған сайысты жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеміз, - деп атап өтті әскери госпитальдің бастығы медицина подполковнигі Асқар Көлбаев.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды әскери госпитальдің медицина қызметкері Арман Хасанғалиев иеленсе, екінші орынға Акерке Болегенова лайық деп танылды. Ал 18404 әскери бөлімінің маманы Меруерт Керимжанова үшінші орыннан көрінді. Барлық қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі           

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"