Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде әскерлерді геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз ету жөнінде штабтық жаттығу өтті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығының бөлімшелерімен әскерлерді геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша штабтық жаттықтыру өткізілді.  

Жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты әскерлерді геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесі бойынша ҚР ҚМ Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы бөлімшелерінің үйлесімін тексеру болды. Сабақ барысында геокеңістік ақпаратты құрайтын әскерлерді Жердің қашықтықтан зондталуы деректерімен, топогеодезиялық және гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуде практикалық машықтарын жетілдіру жөніндегі мәселелер пысықталды. Мамандармен қажетті есептер жүргізілді және тиісті жауынгерлік құжаттар әзірленді.
Сабақтың тактикалық кезеңінде Жерді қашықтықтан зондтау бөлімшесімен аумақтың ғарыштық түсірілімін жүргізуге ұшу тапсырмаларын әзірлеу жөнінде ақпараттық-талдамалық қызметтің ұйымдастырушылық және технологиялық процедуралары орындалды, гидрометеорологиялық бөлімшелермен Жердің қашықтықтан зондтау ғарыш түсірілімі құралдары ауданында ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Топогеодезиялық бөлімшелермен оқу-жаттығу ауданының өзекті цифрлық шолушы ортофотокарталары және объектілердің егжей-тегжейлі фотосызбалары дайындалды, сондай-ақ қолданыстағы байланыс арналары бойынша мүдделі басқару органдарына геокеңістік ақпаратты тарату ұйымдастырылды.
Жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам қойылған тапсырмаларды бірлесіп орындау бойынша қажетті машық пен білікті жинақтады және әскерлерді геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз ету тапсырмаларын пысықтады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"