Тактикалық-саптық сабақтар өтуде

Жауынгерлік ұрыс жоспарларына сәйкес «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Қарабатан», «Есет батыр» және «Оймаша» полигондарында байланыс бөлімшелерінің тактикалық-саптық жаттығулары өтуде.

Оқу үрдісінің осы кезеңінде әскери байланысшылар взводтардың үйлесімділігін аяқтап, взвод құрамындағы жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. Байланыс роталарының командирлері бағынышты жеке құрамнан нормативтер мен сынақтарды қабылдап, олардың іс-қимылдарына нақты баға берді. Взвод жеке құрамы дабыл бойынша іс-әрекеттерін пысықтап, далалық жағдайда байланыс құралдарын жайып-құрап, байланыс орнатумен және байланыспен қамтамасыз етумен айналысты.

Тактикалық-арнайы жаттығулар - жауынгерлердің функционалдық міндеттерін орындау әдісі болып табылады. Бұл ретте, бөлімше командирлері жеке құрамды оқутымен қоса, оларды басқару бойынша да тәжірибе алады, сонымен қоса ұрыстың кез-келген форматында байланысты орнатудың қолайлы және тиімді тәсілдерін іздестіреді.

Бүгінгі күні, тактикалық-арнайы сабақтар - әскерлердің далалық оқытылуы мен машықтылығын арттырудағы басты құралы ретінде қалыптасып қалды. Себебі, осы сабақтар барысында жеке құрам бар теориялық білімдерін пысықтаумен қатар, кешенді түрде байланыс орнату, түрлі климаттық және бейтаныс мекен жағдайында байланысты орнату машықтылығын арттырады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының байланысшылары ұдайы жауынгерлік кезекшілікте жүріп, тәуліктің кез-келген уақытында әскерлерді тұрақты және сапалы байланыспен қамтамасыз етуге әзір. Байланыс – әскерді және ұрысты басқарудың басты амалы мен көзі, сондықтан әскери байланысшыларға үлкен талаптар қойылады, ақпаратты жедел, бір уақытта бірнеше объектіге, түрлі арақашықтыққа жеткізу байланысшылардың мойынында әрдайым қала бермек.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"