«Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел тұғыры»

Шымкент гарнизоны 35748 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесіне орай «Тәуелсіздік-мәңгілік ел тұғыры» атты кеш ұйымдастырылды.

   Кеш әскери бөлімнің салтанатты шеруімен басталды. Әскери бөлім командирі А.Абдуваитов жеке құрамды мерекемен құттықтап, командирдің бұйрығы жеткізіліп, әскери қызметкерлерді медальдармен, грамоталармен марапаттады. Мерекелік кешке ҚР ҚК ардагерлері, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, Опера және балет театрының әншілері, №129, №72 жалпы орта мектебінің өнерпаз оқушылары мен «жас мотоатқыштар» патриоттық клубының тәрбиеленушілері, Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында әскери мерзімді қызметкерлердің дайындаған сахналық қойылымы көрсетіліп, көпшілік көзіне жас алды. Желтоқсаншылардың рухына тағзым етіліп, желтоқсан құрбандары еске алынып, «Желтоқсан желі» әні шырқалды. «Біз тәуелсіздікке қалай жеттік?» деген сұрақ аясында дайындалған бейнебаян көрсетіліп, тарихтан сыр шертілді. Патриоттық әндер шырқалып, №72 мектеп оқушылары дайындаған ұлттық нақыштағы би биленіп, көпшілік көңілінен шықты. Кеш әсерлі өтті. ҚР ҚК ардагерлері сөз алып, «Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, еліміз тыныш заманда болашақ ұрпақ бақытты күнде жадырап жүрсін. Көк туымыз желбіреп, қыранымыз көкте қалықтасын!» деп, аталық ақ баталарын жаудырды.

       ҚР ҚК қызметкері Р.Дәулетова

                                                                         35748 әскери бөлімі

                                                         


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"