Тәуелсіздік құрдастары

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген Алтынбек Маханбетов Отан қорғаушы болуды бала күнінен армандады. Он жасында әскери киім киіп, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінде оқыды.

Алтынбек Маханбетов

Одан соң РФ Санкт-Петербург қаласындағы Михайловский әскери артиллериялық академиясында бес жыл білім алды. «Шығыс өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөліміне жолдамамен 2014 жылы келді. Ол екінші дүниежүзілік соғыстың Курск доғасындағы шайқаста «соғыс тәңірі» аталған артиллерияның қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы іс-қимылын жеке құрамға үйретуді басты міндет санайды. «Сонау қазақ хандығы құрылғаннан бастап бабаларымыздың аңсағаны да, көксегені де егемендік еді. Азаттықтың құнын білген рухы биік батырлардың ұрпақтарымыз – біздер. Бар тілегім – өркениетті ел болып, өзгелермен терезесі тең болған Отанымның батыл қорғаушысы болу. Әскери қызметке бар күш-жігерімді жұмсап, нағыз азамат ретінде қалыптасқым келеді», - дейді артиллериялық батарея командирі. Тәуелсіздікпен құрдас капитанның алға қойған жоспарлары жетерлік.

Алтынбек Маханбетов:




Алижан Сапиев

1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңымен таласа дүниеге келгендердің бірі – Алижан Сапиев. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл аулының тумасы елімен бірге есейді. Алматы қаласындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 2015 жылы тәмамдады. Бүгінде Аягөз қаласындағы 15701 әскери бөлімінде автоматтандырылған басқару жүйесі және байланыс бөлімшесінің бастығы. Капитанның пікірінше, әскери қызметші елдің қорғаныс қабілетін күшейту жолында еңбек етуден аянбай, келешегінің кемелдене беруі үшін үлесін қоса білуі керек. Еліміздің мерейлі мерекесі күні орда бұзар отыз жасқа толатын офицерге тәуелсіздіктің төл құрдасы болу зор жауапкершілікті жүктейді.


Алуа ИСКАКОВА, «ШЫҒЫС» өңірлік қолбасшылығы

Алижан Сапиев:


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"