Тәуелсіздік – төл мерекем

Бүгінгі күні Қазақстан – табысты, гүлденген және халықаралық қоғамдастық танитын мемлекет. Жақында мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" атты жарияланған бағдарламалық мақаласы  мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңін бастады. Ол ұлттық рухты көтеруге ықпал етеді және қазақстандықтарды аянбай еңбек етуге ынталандырады. Міне, сондай еліміздің егемендігін қорғау жолында адал қызмет етіп келе жатқан Қарулы Күштер әскери қызметшілері мен қызметкерлердің еңбегі өлшеусіз.

Осыған орай, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысты.

   Мерекелік шараны облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов салтанатты түрде ашып, қонақтарды атаулы   мерекемен құттықтады.        
         "Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды. Тәуелсіз еліміз бен елордамыздың өсіп-өркендеуі, атқарылған іргелі істер – жетістіктеріміздің айқын айғағы. Сондықтан Тәуелсіздік күні шын мәнісіндегі жалпыхалықтық мереке. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, берекеміз баянды болғай",- деп ізгі тілегін білдірді.

Шара барысында запастағы полковниктер Қ. Сауытбеков, В. Надъярный, В. Орлов сынды еліміздің өркендеу жолында аянбай қызмет еткен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген жылы лебіздерін жеткізді.

         Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара облыстық филармония көркемөнерпаздарының  ұйымдастырған «Тәуелсіздік күнімен, Елім!» атты ұлы мерекеге арналған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.    

Айман ӘБЖАПБАРОВА

                                                             СҚО ҚІД баспасөз қызметінің бастығы



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"