Тәрбиеші – офицерлер жиыны

Алматы қаласының авиациялық базасында тәрбие құрылымдары офицерлерінің оқу - әдістемелік жиыны өткізілді.

Жиынға эскадрилья (батальон) командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің аға офицерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысы жөніндегі көмекшісі, мемлекетті тілді дамыту жөніндегі маманы қатысты.

Жиында әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай - күйін есепке алу, талдау және қорытындылау жүйесі, мемлекеттік – құқықтық даярлық сабағының инспекторлық, қорытынды және бақылау тексеруді өткізу, ҚР Қарулы Күштердегі Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру, «Жауынгерлік дос» методикасы т.б., сондай – ақ, ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесін, қабырға баспасын безендірудің тәртіптері түсіндірілді.

Жиында өздерін жақсы жағынан майорлар Сабыр Кусаинов, Нұрберген Тәшімов, Таймир Газиев көрсетті.
Авиациялық база командирі подполковник Амангелді Макишев осындай оқу - әдістемелік жиын кезінде тәрбиеші – офицерлер білімдерін одан әрі жетілдіріп, бір-бірімен Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу ісінің қыр - сырымен бөлісіп, өзара тәжірибелерімен алмасты, деп атап өтті.

Майор Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Три обнаруженных заблуждения о бронежилетах

Три обнаруженных заблуждения о бронежилетах

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков