Тәрбиеші – офицерлер жиыны

Алматы қаласының авиациялық базасында тәрбие құрылымдары офицерлерінің оқу - әдістемелік жиыны өткізілді.

Жиынға эскадрилья (батальон) командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің аға офицерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысы жөніндегі көмекшісі, мемлекетті тілді дамыту жөніндегі маманы қатысты.
Жиында әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай - күйін есепке алу, талдау және қорытындылау жүйесі, мемлекеттік – құқықтық даярлық сабағының инспекторлық, қорытынды және бақылау тексеруді өткізу, ҚР Қарулы Күштердегі  Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру, «Жауынгерлік дос» методикасы т.б., сондай – ақ, ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесін, қабырға баспасын безендірудің тәртіптері түсіндірілді.
Авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин жиынды қорытындылай келе  жақсы жағынан майорлар Сабыр Кусаиновты, Таймир Газиевті, лейтенант Досжан Андабекті атап өтті.  
Авиациялық база командирі подполковник Амангелді Макишев: «Осындай  оқу - әдістемелік жиын кезінде тәрбиеші – офицерлер білімдерін одан әрі жетілдіріп,  бір-бірімен Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу ісінің қыр -  сырымен бөлісіп, өзара тәжірибелерімен алмасады» деді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"