Табиғат-ананың тазалығына бәріміз жауаптымыз

Қазіргі экология жағдайы және қоршаған ортаның ластануы адамзат қоғамына таза теңіз суы, орманның таза ауасы және бұлақтың мөлдір суымен рақаттануға мүмкіндік бермейді. Атом электр стансаларының жарылыстары, жанар-жағармайды көп пайдалану, фабрикалар мен зауыттардың ағынды сулары, пайдаланылған газ түтіні, орман алабын шабу арқылы адамдар табиғатты өзгертті. Біз ғаламшарымыздың таза ауасы, құнарлы топырағы және таза суымен мақтан тұта алмаймыз. Автомобильдердің, фабрикалар мен зауыттардың көптігімен әр қала бір-біріне ұқсас.

Бұл келеңсіздік және барлық тепе-теңсіздіктер өнеркәсіптік-кәсіпорындардың ауаға ластаушы заттарды көптеп шығаруынан пайда болған. Өсімдікке зәру қалалар түтіннің астында қалуда. Жануарлар мен құстардың, өсімдіктердің Қызыл кітапқа енгендерінде есеп жоқ, жойылып жатқандары қаншама. Себебі жануарлар әлемі адамзат үшін тек тамақтану көзі ғана емес, ашкөздік пен көңіл көтеру құралына айналып үлгерді. Өзен-көлдер, байтақ жасыл алқаптар шөл, сортаң, сасық өлкеге айналуда. Мұнай өнімдерінің шектен тыс өндірілуі салдарынан балықтар қоры да кеміді.  
Бұл фактілер индустриалық прогрестің табиғат мен қоршаған ортаның ластануына қалай әсер еткенін айғақтайды. Қазіргі ахуал заң мен табиғатты қорғау нормативтері жүйесінің көмегі арқылы қорғауды қажет етеді. бүгінгі таңда көптеген елдер қоршаған ортаны сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қабылдау үстінде. Бұл бастамадан Қазақстанның да тыс қалмауы қуантады. Биыл жазда ұйымдастырылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы осы сөзімізді қуаттайды.
Адамзат табиғат-ананы қорғауда әрекетсіз емес. Зиянды газдарды гидросфера мен  атмосфераға шығаруға қатаң шектеу енгізілді. Арнайы қорықтар, ұлттық парктер, бірегей кіші қорықтар құру жұмыстары қолға алынуда. Балық аулауды шектеу шаралары енгізілді, аң аулау маусымы және мөлшері қысқартылды. Өндіріс қалдықтары мен қоқыстары проблемасы қайта өңдеудің заманауи тәсілдері мен технологияларын пайдалану арқылы шешілуде. Енді әр адам өз үйіне, ауласына, қаласына ұқыпты қарауды бастау керек.
Қоршаған ортаны қорғау – кез келген мемлекеттің негізгі проблемаларының бірі. Жас астанамыздың халқы үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Елорданың «жасыл белдеуін» құру және сақтау жөніндегі жоба болашақ үшін қызықты да пайдалы және елеулі жұмыс. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын жыл сайын ағаш отырғызу арқылы өз елді мекендерін көгалдандыруға, ормандарды қолдауға көңіл бөлуге шақырады. «Қазақстан аумағы 3 миллионға жуық шаршы шақырымды құрайды, онда далалық аймақ өте көп, ал орманды алқабы бар болғаны 8-10 пайыз. Егер біз жыл сайын барлық облысты жасылдандырумен айналысатын болсақ, онда Қазақстанды жасыл елге айналдырамыз. Бұл адам денсаулығына пайдалы, тыныс алуға жеңіл, табиғат үшін – береке-байлық, туған жердің көркі. Сондықтан біз игілікті жұмыс жасап жатырмыз. Әр облыс, қала, аудан адамдары, әсіресе жастары ағаш отырғызып, оны күтіп-баптауға жұмылу жайын ойластыруға тиіс. Сонда Отанымыз бұдан да әдемірек және тартымды бола түседі, ал болашақ ұрпақ  бізге разы болады», дейді Президент.          
Қазақстанның «жасыл құрылыс» жөніндегі өзіндік тәжірибесі жинақталып, «Жасыл көпір» жаһандық идеясы аясында үлгілі модель ретінде ұсынылғанын білеміз. Аталған бағдарламаны, жаһандық энергоэкологиялық стратегия жөніндегі бастамамызды бес жыл бұрын Рио-де-Жанейрода өткен бүкіл әлемдік саммитке қатысушылар қолдағаны есімізде. Өйткені, «Жасыл» құрылыс нәтижесінде 2030 жылы қазіргі Қазақстан тұрғын үй қорына тең келетін, тұрғын алаңдар енгізу жоспарлауда.
    Біздің ата-бабалармыз ұрпағына Жер ғаламшарындағы ең керемет орынды сыйлады. Бұл шексіз дала, алтындай шөл, биік таулар, жасыл орман, терең көл, саналмаған пайдалы қазбалар саны, баға жетпес асыл қазыналардың бәрі біздікі, қазақ баласының еншісінде. Ендеше соны қорғап, аялау – бәрімізге жүктелген бірегей борыш.
Асан ЫСТЫ  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"