Табельді қарудан атудан чемпионат өтті

ҚР Қарулы Күштері дайындығының 2017 жылға арналған жоспары мен әскери-қолданбалы, ойын және ұлттық спорт түрлері жөніндегі ХIV спартакиаданың регламентіне сәйкес, 1-4 ақпан күндері аралығында табельді қарудан атудан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өтті.

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының атыс тирі мен гарнизондық офицерлер үйінде ұйымдастырылған чемпионатқа 12 құрама команда қатысты. 

Олар табельді қарудан атудан ПМ-3жаттығуын орындады. Жарыстың қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды аға сержант Л.Котова (27943 әскери бөлімі) ұтып алды. Одан кейінгі орынды сержант Г.Нәсілбекова (10810 әскери бөлімі) иеленіп, соңғысын капитан А.Жұмалинова (54770 әскери бөлімі) еншіледі. Ерлер арасында капитан Р.Кәрімов (32355 әскери бөлімі) үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Екінші орын подполковник О.Есенамановқа (10810 әскери бөлімі) бұйырды. Соңғысын аға лейтенант Н.Айдаров (54770 әскери бөлімі) пен майор К.Кахаров (32388 әскери бөлімі) місе тұтты. Командалық есепте Өскемен гарнизоны үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Жақсы жетістіктерімен көзге түскен Аягөз гарнизоны екінші орынды алды. Үштікке Семей гарнизоны да енді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"