Сынақ атыс дайындығында шыңдалады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кезекті бақылау тексерісін тапсырды.

Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.
Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жас сарбаздар белгіленген нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында жас сарбаздар жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.
Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар, олардың бірі жас сарбаз Мықтыбеков Елжан Әділұлы 84 ұпай жинады.
Жалпы жауынгерлік оқ ату жаттығулары жас сарбаздардың атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.
Жас сарбаздардың атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Абеков өзі бақылады.
– Сынақ атыс дайындығында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Жас сарбаз жеке құрамы осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген командир.


Думан Жұмашұлы
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"