Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің «аймақтарын» кешенді алдын алу және анықтау

Қорғаныс ведомствосының бастамасы бойынша Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығымен кездесу өтті. Негізгі күн тәртібі Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағдарланған болатын.

Бейнеконференцбайланыс бойынша кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, түрлер бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары, жергілікті әскери басқару органдарының және әскери полицияның бастықтары қатысты.
Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев агенттікке ағымдағы жылдың ақпан айында жасалған меморандум аясында кәсіби қолдау, практикалық көмек және ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
«Бірлескен күш-жігер негізінде Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге қол жеткізілді. Сонымен қатар, бізде әлі де жұмыс істеу керек», – деді министр.
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылу барысын жария ете отырып, жеке жауапкершілік туралы нормалар аясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасын әлсірететін басшыларға қатысты қағидаттық шешімдер қабылдаудың, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы орындаудың және мемлекеттік органның мәнмәтінін ескере отырып, өз бастамаларын пысықтаудың маңыздылығын атап өтті.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери полиция құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің функцияларымен басқарма құру туралы айтты. Ол талдау жұмысын жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Қорғаныс министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы әскери қызметке шақыру, мемлекеттік сатып алу, жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау, күрделі құрылыс, тұрғын үйді бөлу және басқа да мәселелер бойынша 90-нан астам ұсынымдар әзірледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар барлық гарнизондарда тұрақты негізде жұмыс істейді.
Қорғаныс министрлігінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі табысты жұмыс істейді. Оған кез келген азамат консультация алу үшін де, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағыммен де жүгіне алады, оның ұқсастығы бойынша барлық жергілікті әскери басқару органдары мен әскери полиция органдарында осындай фронт-кеңселер ашылды.
Әскери бөлімдерде офицерлер жиналыстарының жұмысы қалпына келтірілді, онда офицерлер арасында этикалық нормаларды бұзу фактілері қарастырылады, олардың заңсыз әрекеттеріне баға беріледі,  әскери қызметшілердің қызметте және тұрмыста лайықсыз мінез-құлқына қоғамдық ықпал ету және оны сөгу жүзеге асырылады.
Әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін оқу модульдері мен ситуациялық кейстер әзірленіп, енгізілді. Аталған кешенді оқу платформасы әскери қызметшілердің жалпы және құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға бағытталған.
Бұрын қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданбайды.
Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерді, басқармаларды, бөлімдерді (әскери комиссариаттарды) заманауи түрге келтіру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды. Бұл материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, ұйымдық-штаттық құрылымды оңтайландыруға, сондай-ақ барлық процестерді, оның ішінде әскери есепке алуды автоматтандыруға қатысты. Бұл жұмыс заң бойынша азаматтарды есепке алуды, тіркеуді және әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жүктелген жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруге көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні Қорғаныс министрлігі электрондық үкімет порталы арқылы 13 қызмет көрсетеді. Тағы 2-ін жыл соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.
Қорғаныс ведомствосының басшысы әрбір сотталған әскери қызметші үшін оның барлық бастықтары мен қызметтестері моральдық жауапкершілікке тартылатынын, олар оны дер кезінде лайықсыз әрекеттен сақтамағанын, олардың қылмыс жасауына жол бергенін атап өтті.
Әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша Қорғаныс министрлігінде жан-жақты тергеу жүргізіледі. Онда құқық бұзушының қызметке қалай кіргені, оны лауазымға тағайындау туралы кім өтініш білдіргені, оның қызметтік іс-әрекеті мен моральдық нормативтілігіне бақылау қалай жүзеге асырылғаны анықталады. Барлық қатысы бар лауазымды адамдар белгілі бір дәрежеде жауапқа тартылады.
Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауына байланысты сауатты командирлердің жоғары лауазымдарға, мемлекеттік наградаларға ұсынылмағандығы турасында мысалдар келтірілді.
«Біз қиын жағдайға тап болған әрбір әскери қызметшіге көмектесуге дайынбыз. Бірақ кім ар-ожданын ойлама қылмысқа барғандар форманың абыройын қорлайды. Біз олармен аяусыз күресеміз және олардан өз қатарымызды тазалаймыз», – деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.
Жалпы, кездесу сындарлы түрде өтті, тараптар пікір алмасты және Қарулы Күштердің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша бірлескен күш-жігерге бағытталған бірқатар бастамаларды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қорғаныс ведомствосындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің жалпы төмендеуі атап өтілді. Әріптестікті нығайту шеңберінде жергілікті әскери басқару органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"