Суицид мәселесі – үнемі бақылауда

36739 әскери бөлімінде және бағынышты әуе қозғалысын басқару орталықтарында өтіп жатқан өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу айлығының іс-шаралары өтті.

Бұл аталған айлық іс-шарасына әскери бөлім жеке құрамы жан жақты атсалысып Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысының берілген тапсырмасына сәйкес жұмыстар атқарылуда. 2019 жылдың қаңтар айында Алматы өңірлік гарнизонынының Әскери полиция жасағының іздестіру және анықтау бөлімінің аға офицері әділет майоры Шалқар Ахметжановтың қатысуымен бірнеше рет жеке құрам арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында әділет майоры жеке құрамға өзіне-өзі қол жұмсаудың ең бір өзекті мәселесі – ол отбасылық, әлеуметтік, және материалдық себептерден пайда болатынын айта кетті.

Ал, әскери бөлімнің әскери қызметшілері отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі штаттан тыс жетекші сержант Айнұр Қонырбаева Алматы өнірлік гарнизонының Әскери полиция жасағымен бірігіп жұмыс жасау керек екендігі туралы ұсыным берді. Сондай-ақ 53975 әскери бөлімінің аға офицері-психолог капитан Медет Тебенов жеке құраммен тестілеу жұмыстарын және жеке әнгімелесу іс-шараларын бірнеше рет жүргізді.

Бұл іс-шаралар әскер қызметшілердің сана-сезіміне, құқықтық ой өрісіне және өмірге деген көзқарастарының дұрыс қалыптастыруына оң ықпал береді деп сенеміз.

Майор Дастан ҚОЙЛЫБАЕВ

 

36739 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"