«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын Үкі-2016» 4-ші халықаралық мергендік жұптар сайысы басталды

Қарағанды облысының іргесіндегі «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын Үкі-2016» 4-ші халықаралық мергендік жұптар сайысы басталды. Бұл сайыс барысында өзі ісінің үздіктері кездесті.

«Биылғы жылғы жарыстың ерекшелігі командалардың өз қаруларымен келуінде болып отыр. Бұл қатысушылардың мүмкіндіктерін теңестіреді. Сонымен қоса жарыстың барынша объективті болуы үшін төрелік ету жүйесін де өзгерттік. Осындай жарыстар мергендерге бірін-бірі білуге, қарым-қатынас жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», - деді жарыстың бас төрешісі полковник Равиль Жанұзақов. Аталған жарысқа ҚХР, АҚШ, Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Ұлыбритания, Пәкістан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күштік ведомствалардың мергендері қатысады. Сайысқа қатысатын мергендер көптеген елдің қару-жарақ қатарын құрайтын заманауи мергендік мылтықтың үлгілерін қолданады.  «Бұндай жарыстарға қатысудың өзі үлкен мәртебе. Өзге командалардың қалай жұмыс жасайтынын бақылаудың өзі қызық. Әлемдегі мергендердің тәжірибесін жинақтауға бұл тамаша мүмкіндік», - деп мергендер командасының командирі сержант Вилл Томас атап өтті. Жарыстың мақсаты – түрлі үлгідегі кәсіби тәсілдерді орындау әдістерін жетілдіру, мергендердің дене төзімділігіне шыдау мүмкіндіктерін анықтау, психологиялық кернеуге шыдау, сондай-ақ атыс және далалық машық деңгейін анықтау.  Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі атану үшін күресетін болады. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Алтын үкі – 2015» жарысында Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері жеңімпаз атанып, алтын кубокты иеленді. Бұл жарыстың әр кезеңі жоғары деңгейдегі төзімділікті, күш-жігерді, сапалы командалық жұмыс пен әр қатысушының жақсы даярлығын талап етті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"