«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Әскери дискурс» семинары өтті (Фото)

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бесінші «Әскери дискурс» практикалық семинары басталды.

Жетекші республикалық телеарналардың, ақпараттық агенттіктер мен баспасөз басылымдарының 40-қа жуық өкілі «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ҚР Қорғаныс министрлігінің тәжірибелі нұсқаушыларынан қарулы жанжал аймағында жұмыс жасау ерекшеліктерін оқып-үйрету үшін бірнеше күнге бас қосты. Тілшілер алғашқы минуттардан-ақ қарулы жанжал аймағында және экстремалдық жағдайларда жұмыс жасаудың ерекшеліктері туралы білді.

Оқу-жаттығу орталығының аумағына келгеннен кейін автобустағы журналистерді, фотографтар мен операторларды шартты лаңкестер басып алды. Барлығы іс-қимылды елестету болғанына қарамастан, әсер сезінерліктей болды. «Біздің автобусқа шабуыл жасаған кезде мен ұйықтап жаттым. Тосыннан алған әсерім одан сайын күшейе түсті. Алғашқы бірнеше минутта мен не болып жатқанын мүлде түсінбедім. Сондықтан болып жатқан құбылыстың шынайы екеніне бірден сендім.

Автобуста отырып, болып жатқанның барлығы шын болуы мүмкін шығар деген ой келді», - деп семинарға қатысушы Мирхат Әжіғалиев алған әсерімен бөлісті («ҚазТаг» ақпараттық агенттігі). Нұсқаушылар журналистерге ахуалды егжей-тегжейлі пысықтап және өмірдегі жұмыс жасау үлгілерін көрсете отырып, қызықты дәрістер өткізуде. Әскери оқиғаларды жариялаудың ерекшеліктері, қауіпсіздік шаралары және өз-өзін ұстау ережелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, психологиялық және алғашқы медициналық дайындық ерекшеліктерін оқытып-үйретті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"