Соғыс ардагерін 95 жасқа толуымен құттықтады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері 95 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдулғазиз Ахмеровке құрмет көрсетті

Ғабдулғазиз Ахмеров Қызыл тулы 114-ші гвардиялық әуе-десанттық дивизиясының құрамында 2-ші және 3-ші Украина майданында болды. Батыс Еуропа елдерін неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. Жеңістің 70 жылдығына арналған Мәскеудегі шеруге Семейдің атынан барып, 90 жасқа толғанда Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды. Әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. «Біз қаладағы қарт жауынгерлермен ұдайы байланыстамыз. Карантин кезеңін есептемегенде, мүмкіндік болғанда барып, тұрмыс-тіршіліктеріне де әрдайым қолұшын созамыз», - дейді «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Арынғали Ақышев. Көпті көрген қария әскерилерге батасын берді. Ардақты ардагерді құттықтау барысында санитарлық-гигиеналық шаралар қатаң сақталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"