ШЫҰ елдері Қорғаныс министрліктерінің өкілдері болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрліктерінің халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері бастықтарының кеңесі өтті.

Кеңес 2016-2017 жылдарына арналған Ынтымақтастық жоспары мен алдында жеткен келісімдерге сәйкес ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібіне шығарылған басты мәселелер – келешек Қорғаныс министрліктерінің кеңесі, 2017 жылға арналған ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспарының барысы туралы болды. Сонымен бірге қатысушылар 2018-2019 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарының жобасын және басқа да ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады.      

 Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатысушысы ретінде, әскери ынтымақтастықты аймақтық және әлемдік деңгейде дамытып келеді. Өсіп жатқан халықаралық терроризм мен діни экстремизм қатері, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы үйлестірілген бірлескен іс-қимылдар шартында осы ұйым шеңберінде аса маңызды мағынаға ие болуда. Атап айтқанда, «Бейбіт миссия» бірлескен оқу-жаттығулары барысында өзара әрекеттестік пен реттілік жетілдірілуде. Осы іс-шара шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер лаңкестікке, экстремизм мен сепаратизмге қарсы тұру мәселелерін қарастыруда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"