"Шығыста" арнайы насихат сабағы өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің плацында діни мәселелер жайында әскери қызметшілердің сауаттылығын арттыру және дәстүрлі емес діндердің ықпалына түсіп қалмаудың қаупін азайту мақсатында сабақ ұйымдастырылды.

Подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев басшылық ететін бөлімнің әскери қызметшілері алдында «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ діни бірлестіктермен өзара әрекет жөніндегі сектордың бас маманы Арман Рымқанов пен Семей қаласы әкімшілігі жанындағы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нәзгүл Ғазизова сөз сөйледі. Олар «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға»  тоқталды. Халықтың діни сауатсыздығы, дәстүрлі құндылықтарды бағалаудың құлдырауы, діни экстремизмнің қауіптілігін бұқаралық сананың әлі де толық түсінбеуі, деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитеттің қалыптаспауы, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған діни экстремистік көзқарас пен мақсатқа негізделген радикалдық идеологияларды ұстанатын бірлестіктердің пайда болуы, дәстүрлі емес діни радикалдық ұйымдардың қоғам ішінде діни төзімсіздік, қорқыныш пен үрейді күшейткені туралы да айтты.

Әскери қызметшілерді өзге дінді уағыздаушылардан аулақ болуды, оларға түрлі діни көзқарасты дәлелдеуден қашуды, діни бағыттағы парақшалар мен журналдарды алудан бас тартуды ескертті. Өмірдегі арман мен мақсатты, жетістік пен тыныштықты дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардан іздеу – үлкен қателік, орны толмас өкініш екенін де жан-жақты түсіндірді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"