«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына биыл 1 қарашада 25 жыл толады

Даңқы жылдан-жылға артып келе жатқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына биыл 1 қарашада 25 жыл толады.
Еліміздің оңтүстік-шығыс шекарасын қорғауға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1992 жылы 1 қарашада Түркістан әскери округының 32-ші армиясының құрылымдары мен бөлімдерінің базасында 1-ші армиялық корпус құрылды. Ол Семей қаласында шоғырланды. 1-ші армиялық корпусқа 1992-1995 жылдар аралығында генерал-лейтенант Федор Иванович Щербаков қолбасшылық етті. Әскери-саяси міндеттерге сүйене отырып, Қарулы Күштердегі ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарды жетілдіруге байланысты 2000 жылы 15 қыркүйекте 1-ші Армиялық корпустың әскери бөлімдерінің базасында Шығыс әскери округы құрылды. Үш жылдан соң әскердің жауынгерлік қабілеттілігін арттыру мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы болып өзгертілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үшін 2004-2005 жылдар тарихи жаңалықтарға толы болды. Мәселен, 2004 жылдың күзінде 95876 әскери бөлімі қала типтес Жаңа Ахмер поселкесіне шоғырланды. Сол базаның құрамына Георгиевкадан 27943 әскери бөлімі көшіп келді. Екі айдың ішінде бригаданың жеке құрамы барлық әскери техниканы жеткізіп, жаңа орынға орналасты. 2005 жылы мамыр айында Аягөз гарнизоны үлкен өзгерістерге ұшырады. Мұнда құрамына бірнеше әскери бөлімдер қарайтын механикаландырылған дивизия құрылып, ол 10810 әскери бөлімі болып өзгертілді. 2005 жылы шілде айында 21035 әскери бөлімі Үшарал гарнизонынан Семей қаласына көшіріліп, арнайы мақсаттағы жеке барлау батальоны болды. 2005 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында штаттық-ұйымдастыру шараларына байланысты бес әскери бөлім бірікті: 07187 (Өскемен гарнизоны), 62983 (Георгиевка гарнизоны), 01735, 62914, 32388 (Семей гарнизоны). Ол жөндеу және қалпына келтіру базасы деген жаңа атауға ие болды. 2006 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Шығыс» оқу орталығы ашылды. Көп ұзамай жалпыәскери атыс алаңы, химиялық және инженерлік қалашықтар да құрылды. 2006 жылы 5-12 қыркүйек күндері «Шығыс» оқу орталығында кешенді командалы-штабтық оқу жаттығулары өтті. Жаттығудың үшінші кезеңінде жауынгерлік атыстан бригадалық-тактикалық оқу жаттығулары да болды. Бұл Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі есте қаларлық командалы-штабтық бригадалы-тактикалық оқу жаттығуы болғанын айта кеткен жөн. Жауынгерлік әзірліктің жоспарына сәйкес, 2008 жылы маусым айында «Шығыс» оқу орталығында Ресей Федерациясының Қарулы Күштерімен командалы-штабтық оқу жаттығуларының шеңберінде 27943 әскери бөлімінің 1-ші мотоатқыштар батальонымен батальондық-тактикалық оқу жаттығулары өтті. 27943 әскери бөлімінің 3-ші мотоатқыштар батальоны «Орталық-2008» оқу жаттығуының аясында Ресей Федерациясының Приволжск-Уральск әскери округының жалпыәскери полигонында ұйымдастырылған халықаралық тактикалық оқу жаттығуына да қатысты. 2009 жылы 27 шілде-1 тамыз аралығында Қарағанды облысының Спасск қаласында Қазақстан мен Белоруссия мемлекеттерінің қатысуымен өткен үлкен бәсекеде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мергендері бірінші орынды иеленді. ҚР ҚК жалпы командалары арасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үшінші орынды ұтты. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке әскери қарым-қатынас арқылы» халықаралық жарыста өңірлік қолбасшылық өкілдері арасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімі бірінші орынды ұтып алды. Бұл жарыста Қырғызстан мен Беларусь мемлекеттерінің арнайы дайындықтан өткен барлау топтары, ҚР ІІМ Ішкі әскер Комитетінің арнайы бағытталған «Бүркіт» тобы, ҚР өңірлік қолбасшылықтарының барлаушылары бақ сынады. 2009 жылдағы үлкен жаңалықтың бірі: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери полигонындағы жедел-тактикалық командалы-штабтық «Өзарақимыл-2009» жаттығуының белсенді кезеңі болса, 2010 жылы «Шығыс» оқу жаттығу орталығында ұрыс атыстарымен бригадалық тактикалық жаттығулар қолға алынды. Шатырлы қалашық құрылған жоқ. Жеке құрам барлық инженерлік және бүркемелі шараларды жүзеге асыра отырып, ұрыс жағдайындағы позицияларға орналасты. Отан қорғаушылардың жауынгерлік әзірлігін одан әрі жақсарту мақсатындағы 2011 жылдың басты оқиғасы – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шығыс-2011» жаттығуы. Қазақстан жағынан «Шығыс», «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылықтары, Әуе қорғанысы күштері, Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімдері, ал Ресей армиясынан Әскери әуе күштері, ӘДӘ, бұған қоса Орталық әскери округтен жедел топ тартылды. «Шығыс» полигонында екі мемлекеттің Қарулы Күштерінен құрылған коалициялық топ шартты әскери дағдарыс болған аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін біріккен операциялар жүргізді. Бір апта бойы механикаландырылған, танкі мен артиллериялық құрамалар мен бөлімдер, десантты-шабуылдаушы бөлімдер жоғары нәтиже көрсету үшін дайындық жаттығуларын өткізді. Бұл жаттығудың бір ерекшелігі – жаттығуға алғаш рет резервтегі жауынгерлер қатысты. Жаттығу барысында басқару органдарының өзара қимылы мақсатына жетті. Бір сөзбен айтқанда командирлер мен штабтар арнайы операцияларды ұйымдастыруда  мол тәжірибе жинақтады. Бұған қоса армияның әскери басшыларына әскердің коалициялық тобын құру мен қолдану мәселелерін зерттеудің мүмкіндігі туды. Бағыттың дұрыстығын Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім Ұйымдарына мүше елдердің әскери бақылаушылары жоғары бағалады.

ҚР Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен армияның жаңа түрін құру шеңберінде әскери қызметті жан-жақты трансформациялау және реформалау бойынша түпкілікті өзгерістер жүргізілді. Ерен еңбектің арқасында тарихи жылнаманың жаңа парақтары жазылды. Өңірлік қолбасшылықты әр жылдарда басқарған генерал-лейтенант Ф.И.Щербаков, генерал-майор Ә.Б.Жарболов, генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев, генерал-майор У.Б.Еламанов, генерал-майор М.К.Сихимов, генерал-майор Б.Б.Жанасаев, генерал-полковник С.Ә.Жасұзақов, генерал-лейтенант Н.Н.Поспелов, генерал-майор В.Н.Рысбаев, генерал-майор М.К.Бектанов «Шығыстың» құрылуы мен қалыптасуында құрметті де күрделі миссияны атқарды. Әскерді құру мен нығайтуда, бодан елді қорғауда, әрі мемлекеттілікті сақтап қалуда Г.В.Носоновский, А.А.Мартынов, О.К.Рақышев, С.А.Поликарпов, Н.А.Шевченко, Ю.Ф.Козловский, В.А.Акулов, М.Т.Шәріпов, В.Н.Павлов, Ю.И.Альховский, В.П.Каменчук, Н.Ф.Багажанов, Т.Г.Галлиев, А.М.Зеленский, Ю.А.Шевченко, В.Ю.Пискорский, В.Г.Рындя, В.Ф.Жуков, К.М.Сәрсенбаев және тағы да басқа запастағы генералдар мен офицерлер көп еңбек етті. Өзіндік тарихы қалыптасқан қолбасшылықтан түлеп ұшқан офицерлер бүгінгі күні жауапты жетекшілік қызметте еңбек етіп, Қарулы Күштеріміздің дамуына өз үлесін қосуды одан әрі жалғастырып келеді.

Бүгінгі күні Қазақстанның дамуы мен жетістіктерінің және ҚР Президенті-Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың қолдауының арқасында әскери бөлімдер қазіргі заманғы әскери техникамен, қару-жарақпен жабдықталған. Полигондардағы үдемелі жауынгерлік әзірлік бір жүйеге қойылған.

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әрдайым алдыңғы шептен көрініп, көшбасшылық позицияда келеді. Мәселен, мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда 2017 жылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы жемісті еңбек етті. Жауынгерлік әзірлікті одан әрі белсендірудің, кәсіби дағдыны барынша арттырудың, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жағдайын жақсартудың оң үрдісін сақтай білді. Әлемдік додада Қазақстанның Қарулы Күштерінің жауынгерлік даңқы мен абыройын арттырған әскерилердің жетістігі мақтауға лайық. Мәселен, әскери мамандықтарға қатысты «Армия ойындары – 2017» халықаралық  жарысы шеңберінде Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында ұйымдастырылған «Танк биатлоны – 2017» сайысында ҚР ҚК Құрлық әскерінің танк экипаждары алғашқы кезеңнен-ақ топты жарды. Жауынгерлік көлікті жүргізуден, түрлі қашықтықтағы нысаналарды жоюдан, танкіге қарсы өткелдер мен бөгеттерден өтуден де алдына жан салмады. Екі аптаға созылған «Танк биатлоны – 2017» сайысының финалында ҚР ҚК Құрлық әскерінің 1-ші экипажы 36 минут 07 секундта, 2-ші экипажы 37 минут 06 секундта, 3-ші экипажы 32 минут 28 секундта мәреге жетті. Жалпы уақыты 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен еліміздің үздік танкішілері екінші орынды иеленді. Олардың басым бөлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан. «Мәтібұлақ» полигонында өткен «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысында» Қазақстан бірінші орынды жеңіп алды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің әскерилері ұшқышсыз ұшу аппараттары звеносының командирі майор Рахымжан Аюпов, ҰҰА аға маманы-аға операторы старшина Тұңғат Сейтов, ҰҰА аға маманы-авиациялық механик-жүргізушісі сержант Олег Запорощенко, ҰҰА аға маманы-аға авиациялық механигі аға сержант Роман Кадров кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтас армияларының биыл Қырғызстанда болған екінші әскери-спорттық ойындарында жеке біріншілікте «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің байланыс взводы командирі лейтенант Дархан Кесикбаев пен мина атқыш взводы командирі лейтенант Ақылбек Сәбитов үшінші орынды жеңіп алды. Қос лейтенант Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтас армияларының 2015 жылы Ресей Федерациясында өткен бірінші әскери-спорттық ойындарының жүлдегері. Ал, Санкт-Петербург қаласы Қызыл селосындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медицина академиясының оқу орталығындағы биылғы «Әскери-медициналық эстафета» байқауында Қазақстан екінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарыста «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің аға барлаушы-маман-мергені Әсем Жәкенова жоғары жеке көрсеткішке қол жеткізді. Ол 2015 жылы «Ынтымақтастық жауынгері» халықаралық әскери-кәсіби шеберлік байқауында жеке есепте екінші орынды ұтып алған еді.

   Бүгінгі күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы – жауынгерлік жолы мен даңқты дәстүрлерінің терең тамыры Ұлы Отан соғысының шежіресімен сабақтасқан әскери құрылымдары мен бөлімдері бар еліміздің Қарулы Күштерінің ең ірі бірлестіктерінің бірі. Генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов қолбасшылық ететін «Шығыс» өңірлігінің әскерилері батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, Қазақстанның болашағының баянды болуы үшін одан әрі талмай еңбек ете бермек. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"