«Шығыс» ӨңҚ танкішілері "Танк биатлоны" халықаралық жарысына дайын

Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында өтетін «Танк биатлоны-2016» халықаралық жарысына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10810 әскери бөлімінің танкішілері де жолдама алды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10810 әскери бөлімінің танкішілері танк биатлонының алғашқы кезеңінен-ақ мықтылығын дәлелдеп келеді. Жарыстың шартына сәйкес, 1130 аттың күші бар Т-72 Б3 танкісін тізгіндеп, түрлі кедергілер қойылған 7 шақырымды үш мәрте айналады. Бірінші айналымда танкілік Калашников пулеметінен, екінші айналымда зениттік пулеметтен және соңғысында 125 мм 2А46 зеңбірегінен нысанаға оқ атады. Танкіге қарсы өткелдерден, сулы шұңқырлардан, кедергілерден, миналы-жарылыс пен соққы беру бөгетінен, төбе мен соқпақ көпірден де өтеді. Шетелдіктер Қазақстанның - ең мықты бәсекелес екенін мойындап, еліміздің Қарулы Күштері құрамасының шыңдалу шеберлігі мен жауынгерлік машығына, кәсіби амалдар мен қимыл-әрекеттерді орындаудың жоғары деңгейіне, ұйымшылдығы мен ұқыптылығына жоғары баға беріп келеді.

   Айта кетейік, «Танк биатлоны-2016» халықаралық жарысы» 30 шілде мен 13 тамыз аралығында болады. Биылғы додаға қатысуға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Венесуэла, Ангола, Беларусь, Иран, Әзербайджан, Зимбабве, Армения, Моңғолия, Үндістаня, Сербия, Кувейт, Никарагуа , Тәжікстан  секілді барлығы 17 мемлекет тілек білдіріп отыр. Танк биатлоны әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2016» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Оған далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша барлығы 23 байқау енгізіліп отыр. Қазақстандық құрама оның 21-іне қатысып, өзге мемлекеттердің Қарулы Күштерінің әскерилерімен бәсекеге түседі. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"