«Шығыс» ӨңҚ әскерлері Ұлы Отан соғысының ардагерін мерейтойымен құттықтады

Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Коломинді 90 жасқа толуымен Семей өңірінің зиялы қауымы құттықтады.

Петр Михайлович Коломин Ленинград қаласын неміс-фашист басқыншыларының қоршауынан босатуға қатысқан. Әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мерейлі той иесін Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов пен «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Азамат Мұқатаев құттықтады. Сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің Семей қалалық кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, ҚР ҚК ардагері запастағы полковник Александр Коновалов та ыстық ықыластарын жеткізді. Қарт жауынгерге ерен ерлігі үшін алғысын айтып, сый-сияпаттарын тарту етті. Семейдегі дарынды балалардың Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілері де кездесудің көркін келтірді. 90 жасқа толған Петр Коломин әскерилерге батасын берді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"