«Шығыс» ӨңҚ әскери оркестріндегі домбырашы Ольга

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің топ концертмейстері прапорщик Ольга Валерьевна Сағындықова-Желтухинаның туған жері – Ресейдің Иваново қаласы. Кейін ата-анасының қызмет бабымен Батыс Қазақстан облысының Ақ Жайық ауданындағы М. Шолохов атындағы елді-мекенге қоныс аударды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Үлкен қаладан алақандай ауылға көшіп келгенде он жаста еді. Алғашында құрбы-құрдастарымен би билеуге әуестенген қаршадай қыз көп ұзамай домбыра үйірмесіне жазылды. Адам жанын жалындатар өзгеше әлемге алғашқы қадам осылайша басталған еді. Ольганы домбырашы ретінде ел-жұртқа танытқан ақындар айтысы мен «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасы. Алматыдағы 81-ші орта мектепте білім ала жүріп, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің интернатында тұрды. Қазақ өнерінің көрнекті тұлғалары Нұрғиса Тілендиевпен және Қаршыға Ахмедияровпен танысты. Атақты күйші Біләл Ысқақовтан да дәріс алды. Бұдан соң консерваторияға түсіп, 3-ші курстан бастап саз мектебінің оқушыларына сабақ берді. 1996 жылы Қорғаныс министрлігінің фольклорлық-этнографиялық «Сарбаздар» ән-би ансамбліне қабылданды. Талай-талай жүлдені де ұтып алды. Мәселен, Сочи фестивалінде «Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. 1999 жылы  ТМД елдерінің әскери әндерінің «Ұлы Сенім, Отан, Сүйіспеншілік үшін» байқауында лауреат атанды. 2007 жылы армия әндерінің 9-шы халықаралық «Виват, Жеңіс!» Мәскеу фестивалінде Құрманғазының «Адай» күйі мен Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» әнін орындап көпшіліктің таңдайын қақтырды. 

«Егер бала күнімнен музыканы сүймесем, қазақтың халықтық музыка мәдениеті алыптарының шығармаларын тыңдап, қазақтың қара домбырасын жан-жүрегіммен қаламасам, мен еш уақытта өнер жолына түспес едім. Музыканы жақсы түсіну үшін адамға музыкалық сауаттылық пен белгілі бар тәрбие керек. Мен өзім халық күйлерін, әндерін орындап қана қоймай, шығу тарихын да зерттеймін. Өнердің тарихын білмей тұрып, өнерлі адам болу мүмкін емес. Бұл қазақ ұлтының бай мұрасын білуге көмектеседі. Және айтарым: қасиетті домбырасыз ешқашан сахнаға шыққан емеспін, себебі менің домбырам – менің бойтұмарым іспетті», – дейді ол.

   Ольга – қазақтың келіні, жары – Марат Сағындықов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрін бірталай жыл басқарды. Қазір запастағы капитан. Екеуі өмірде де, өнерде де бірге. Жанель, Жаннамария, Данел, Зарина мен Дарина есімді бес қызды тәрбиелеп отыр. Үлкенінің жасы 15-те, көркемсурет мектебіне барады. Жаннамария мен Данел балалардың музыка мектебінің вокал сыныбында дәріс алады. Ал, жастары төртке жуықтаған егіз қыздар Зарина мен Дарина «Ер Төстік» бала бақшасының тәрбиеленушілері. Ольга үшін отбасының береке-бірлігі – баға жетпес бақыт, балалары – қазына-байлығы.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"