"Шығыс" ӨңҚ әскери бөлімінде оқу кезеңінің қорытындысы бойынша тексеріс аяқталды

ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде 2016 жылғы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша тексерісті аяқтады деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Жеке құрам жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілген соң, белгіленген аудандарға жеткізілді. Әскери қызметшілер саптық дайындық, жалпыәскери жарлықтар, мемлекеттік-құқықтық дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери топография, атыс даярлығы, дене дайындығы, инженерлік, тактикалық және техникалық дайындық, көлік жүргізу пәндері бойынша сынақтан өтті. 

Мамандыққа қатысты қойылған сұрақтар жауап беріп, кәсіби біліктіліктерін де байқатты. Бөлімнің құрамы жеке және ұжымдық қорғану құралдары жөніндегі №1-ші, 4А және 4Б нормативтерін орындады. Жалпыәскери полигонда оқ атудан мергендіктерін танытып, әскери техниканы жүргізді. Кәсіби шеберліктерін түнгі уақытта да шыңдады. Қару асынып, бес шақырымдық маршты да жүзеге асырды.

Дұрыс тактикалық әрекеттерге, қару-жарақты тиімді пайдалануға, әрі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Тексерістің ерекшелігі сол, взвод көлеміндегі жауынгерлік тапсырмаларды орындау деңгейіне терең мән берілді. Комиссия мүшелері мәдени-демалыс үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына да куә болды. 27943 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығына комиссия төрағасы ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар Департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Қадыржанұлы Таласов оң бағасын берді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"