«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына - 24 жыл

Даңқы жылдан-жылға артып келе жатқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына биыл 1 қарашада 24 жыл толды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Еліміздің солтүстік-шығыс шекарасын қорғауға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1992 жылы 1 қарашада Кеңестік армия Ортаазиялық Қызылту әскери округының әскери бөлімдері мен құрамаларының базасында бірінші армиялық корпус  құрылды. Ол Семей қаласында шоғырланып, алғашқы боп генерал-лейтенант Федор Иванович Щербаков қолбасшылық етті. Әскери-саяси тапсырмалардың нәтижесіндегі Қарулы Күштердегі штаттық-ұйымдастыру шараларына байланысты 2000 жылы 15 қыркүйекте Армиялық корпустың әскери бөлімдерінің базасында Шығыс әскери округы құрылды. 2004-2005 жылдар тарихи жаңалыққа толы болды. Мәселен, 2004 жылдың күзінде 95876 әскери бөлімі қала типтес Жаңа Ахмер поселкесіне шоғырланды. Сол базаның құрамына Георгиевкадан 27943 әскери бөлімі көшіп келді. 

Екі айдың ішінде бригаданың жеке құрамы барлық әскери техниканы жеткізіп, жаңа орынға орналасты. 2005 жылы мамыр айында Аягөз гарнизоны үлкен өзгерістерге ұшырады. Мұнда құрамына бірнеше әскери бөлімдер қарайтын механикаландырылған дивизия құрылып, ол 10810 әскери бөлімі болып өзгертілді. 2005 жылы шілде айында 21035 әскери бөлімі Үшарал гарнизонынан Семей қаласына көшіріліп, арнайы мақсаттағы жеке барлау батальоны болды. 2005 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында штаттық-ұйымдастыру шараларына байланысты бес әскери бөлім бірікті: 07187 (Өскемен гарнизоны), 62983 (Георгиевка гарнизоны), 01735, 62914, 32388 (Семей гарнизоны). Ол жөндеу және қалпына келтіру базасы деген жаңа атауға ие болды. 2006 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Шығыс» оқу орталығы ашылды. 

Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысы Басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының және 21098 әскери бөлімінің жеке құрамының еңбегінің арқасында жалпыәскери атыс алаңы, химиялық және инженерлік қалашықтар да құрылды. 2006 жылы 5-12 қыркүйек аралығында «Шығыс» оқу орталығында кешенді командалы-штабтық оқу жаттығуы өтті. Жаттығудың үшінші кезеңінде жауынгерлік атыстан бригадалық-тактикалық оқу жаттығулары да жүзеге асты. Бұл Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі есте қаларлық командалы-штабтық бригадалы-тактикалық оқу жаттығуы болғанын айта кеткен жөн. Одан кейінгі жылдары ұйымдастырылған стратегиялық командалы-штабтық «Орталық» жаттығулары , жедел-тактикалық командалы-штабтық «Өзарақимыл» жаттығулары, «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке әскери қарым-қатынас арқылы» халықаралық жарысы әскери қызметшілердің далалық жағдайда моральдық күш-жігерін шыңдады. 

Ал, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шығыс» жаттығуларында екі мемлекеттің Қарулы Күштерінен құрылған коалициялық топ шартты әскери дағдарыс болған аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін біріккен операцияларды жүргізді. Басқару органдарының өзара қимыл-әрекеті өз мақсатына жетті. Қысқасы, әскердің коалициялық тобын құру мен қолдану мәселелерін зерттеудің зор мүмкіндігі туып, командирлер мен штабтар арнайы операцияларды ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақтады. Бағыттың дұрыстығын Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім Ұйымдарына мүше елдердің әскери бақылаушылары жоғары бағалады. Егемен елдің айбынды армиясын құру мен нығайтуда Г.В.Носоновский, А.А.Мартынов, О.К.Рақышев, С.А.Поликарпов, Н.А.Шевченко, Ю.Ф.Козловский, В.А.Акулов, М.Т.Шәріпов, В.Н.Павлов, Ю.И.Альховский, В.П.Каменчук, Н.Ф.Багажанов, Т.Г.Галлиев, А.М.Зеленский, Ю.А.Шевченко, В.Ю.Пискорский, В.Г.Рындя, В.Ф.Жуков және тағы да басқалары тер төкті.

 Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен армияның жаңа түрін құру шеңберінде әскери қызметті жан-жақты трансформациялау және реформалау бойынша түпкілікті өзгерістер де жүргізілді. Ерен еңбектің арқасында Қарулы Күштердің тарихи жылнамасының жаңа парақтары жазылды. Бүгінгі күні әскери бөлімдер қазіргі заманғы әскери техникамен, қару-жарақпен жабдықталған. Полигондардағы үдемелі жауынгерлік әзірлік те бір жүйеге қойылған.

   Қазақстан азаттық алған 25 жыл – ел іргесінің қорғанысы мен қауіпсіздігін жауынгерлік әзірлігі жоғары кәсіби әскер ғана қамтамасыз ете алатынын дәлелдейді. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу – егемен ел әскерінің патриоттық сезімін одан әрі терең бекітуді, өз міндетін атқарудағы батырлық әрекеттерін жоғары бағалай білу мен елжандылыққа тәрбиелеуге күш салуды жүктейді. Бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін 1 қараша – ерекше күн. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 24 жылдығы – әрбір әскери адам үшін маңызы зор оқиға. Бүгінгі күні генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов қолбасшылық ететін «Шығыс» өңірлігінің әскерилері батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, Қазақстанның болашағының баянды болуы үшін одан әрі талмай еңбек ете бермек. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"