«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиын аяқталды

Аягөз гарнизонында әскерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, 2019 жылдың бірінші оқу кезеңінде әскерлерде әскери тәртіп мен әскерлер қызметін нығайтудың негізгі бағыттары бойынша «Шығыс» ӨңҚ басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.  

Өткізілген жиынның негізгі мақсаты командирлердің кәсіби деңгейін арттыру, әскерлерді басқару мәселелерінде офицерлердің шеберліктері мен машықтарын жетілдіру және әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарас қалыптастыру, әскери өнер саласындағы білімдерін, дене дайындығы деңгейі мен атыс даярлығы бойынша практикалық машықтарын тексеру болды. Одан басқа, жиын барысында «Шығыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Н. Қашағанов заманауи соғыс пен қарулы қақтығыстар тәжірибесі бойынша тактика мен жедел өнерді дамыту перспективалары туралы  әскери-ғылыми конференция өткізді. Жиын аясында жауынгерлік даярлық, әскери тәртіптің, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі бойынша «Шығыс» ӨңҚ қызметіне қорытынды жасалды. «Шығыс» ӨңҚ танк биатлоны «Мерген батальоны» байқауының қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінде үздік атанғанын айта кету қажет.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"