«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жаңа оқу жылының басталуына арналған жиын өтті

2017 оқу жылы қысқы кезеңінің басталуына арналып «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының Басқармасында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Жеке құрамның алдында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов баяндама жасады. «2017 оқу жылының қысқы кезеңін бастай отырып, мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы жемісті еңбек еткенін атап өткен жөн. Жауынгерлік әзірлікті одан әрі белсендірудің, кәсіби дағдыны барынша арттырудың, әскери тәтіп пен құқық тәртібінің жағдайын жақсартудың оң үрдісін сақтай білдік», деді генерал-майор. Биылғы оқу жылындағы жауынгерлік дайындықтың басты оқиғасы – ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің көлеміндегі «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы болды. Оған барлығы 5 мыңға жуық әскери қызметші, 1500-ден аса әскери техника мен қару-жарақ, шамамен 30 авиациялық техника жұмылдырылды. Ол күрделі жағдайларда жұмыс жасау үшін штабтар мен әскерді әзірлеп, қыс мерзімінде жауынгерлікке жақындатылған жағдайда әскери операцияларды жоспарлауға үйренуді мақсат етті. 

Ерекшелігі сол, алғаш рет қыс мерзімінде «Шығыс» жалпыәскери полигонында жауынгерлікке жақындатылған жағдайда, әрі әскерлер үшін бөтен жерде жүзеге асырылды. Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2016» бағдарламасына да абыроймен қатысты. Өзге мемлекеттердің Қарулы Күштерінің әскерилерімен бәсекеге түсті. Сондай-ақ, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жалпыәскери полигонында жоспардан тыс өткен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің минометті құрылымдары арасындағы жарыста да біліктіліктерін байқатты. 

Алғашқы орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Үшарал гарнизоны 40398 әскери бөлімінің командасы (батарея командирі Досым Дарханов) ұтып алды. Келесі орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімі (батарея командирі Василий Шандыр)иеленді. Соңғысын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімі (батарея командирі Ержан Қарқынбаев) мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімі (батарея командирі Берік Шаянбеков) командалары өзара бөлісті.   

   2017 оқу жылы «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» ұранымен ұйымдастырылады. Қарулы Күштеріміздің құрылғанына 25 жыл толуына арналатын әскери шеру, «АрМИ-2017» халықаралық жарысы секілді айтулы шараларға сапалы дайындық қажет екендігін айта келе, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"