"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында ашық есік күні өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының жеке құрамы мен олардың отбасы мүшелері келді.

   Ашық есік күнінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне әскери бөлімнің құрылу тарихынан қысқаша мағлұмат берілді. Бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері мен алдағы міндеттері баян етілді. Сондай-ақ, оқу бөлмелері, жауынгерлік техника қойылған парк, әскери бөлімнің жауынгерлік жолын баяндайтын бұрыш көрсетілді. Клубтағы кездесуде бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы капитан Рустам Увалиев, рота командирі капитан Самат Қабдулов, психолог капитан Торғын Сүбебаева, қаржы қызметінің бастығы капитан Қуат Арғыншалов, әйелдер кеңесінің төрайымы аға сержант Бақытгүл Закирова сөз сөйледі. 

Олар жұбайлардан мазалайтын мәселелерді сұрап білді. Әскери қызметтің қызығы мен қиындығына өзара түсіністікпен қарауды өтінді. Ерінің еңсесінің көтеріліп, абыройының артып жүруі көп жағдайда әйелге байланысты екенін баса айтты. Енді ғана шаңырақ көтерген, сәбилі болған, көп балалы, борышкер, өзге де қиындықтары бар жанұя иелерін екінші деңгейдегі банктерден несие алуда мұқият болуға шақырды. 

Отан қорғаушылардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери ұжымдарда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысына да тоқталды.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"