«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында ант қабылдау шарасы өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау шарасы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Өскемен гарнизонының плацына бір кісідей сапқа жиналған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілді. Ең алдымен жауынгерлерге ант қабылдау күнінің маңыздылығы түсіндірілді. Әскери ант – сарбаздың ел Президентіне, Қазақстанның көп ұлтты халқына адал болуға беретін серті, Отан қорғаушының ар мен намыс кодексі екеніне мән берілді.

 Ал, анттың мағынасы – Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігін, намысын жан қиярлықпен қорғау құқықтық және моральдық міндет екені баса айтылды. Бұдан соң жауынгерлер әскери істі адал ниетпен үйренуге, қызмет бойынша жүктелген міндеттерді  абыроймен атқаруға жарыса ант берді. Оларды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қарулы Күштер ардагерлері алқасының мүшесі зейнеттегі полковник Амангелді Құрымбаев, Руслан Сабырбековтың апасы Зифа Файзқызы, Мұхамидан Сейткеновтің әкесі Аллаберген Сейткенұлы құттықтады. 

Жас сарбаздар атынан Алматы облысынан шақырылған қатардағы Абылай Данияров мінбеге шығып, офицерлер мен сержанттарға зор алғысын жеткізді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"