"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілердің әйелдерімен кездесу ұйымдастырылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінің мәдени-демалыс клубында әскери қызметшілердің әйелдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Ерлан Нұралин әскерилердің отбасылары арасында және әскери ұжымдарда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысына тоқталды. Екінші деңгейдегі банктерден несие алған, борышкерлер және өзге де ерекше қиындықтары бар әскери қызметшілер туралы мәліметтерге де ерекше мән берді. «Тәртіп пен тәрбиені күшейту – уақыттың талабы. Әскери қызметшілердің жан дүниесіне үңілу, олардың арасында өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділерді анықтау, психологиялық көмек көрсетіп, төзімділігін арттыру, әрқайсысының отбасындағы жай-күйді байқап, әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін зерттеу оңай шаруа емес. Бұл ретте отбасы мүшелерінің әскери қызметке түсіністікпен қарағаны, ұстамдылығы мен төзімділігі, жылылығы мен мейірімділігі, әрі қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұра білуі аса маңызды», – деді әскерилердің әйелдері алдында Ерлан Серікұлы.

   Кездесуге 44736 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің төрайымы аға сержант Бақытгүл Закирова, тәрбие және идеологиялық бөлімінің офицер психологы капитан Торғын Сүбебаева және тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі әскери тәртіп бойынша аға офицері аға лейтенант Нұржан Малғаждаров та қатысып отырды. Басқосуда әскери қызметшілердің, әсіресе, жас сардарлардың мереке күндеріндегі бос уақытын қадағалау мәселесі жан-жақты қозғалды. Сондай-ақ, мамыр айына бекітілген іс-шаралар да пысықталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"