«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әлеуметтік қызметкерлерді құттықтады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінде әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің күніне арналып салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. ҚР Президентінің 2011 жылғы 20-шы қазандағы Жарлығына сәйкес, қазан айының соңғы демалысы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген болатын.

   Семей аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымын және оның қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов пен «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Азамат Мұқатаев құттықтады. Олар өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын кәсіп иелерінің әрқайсысы құрметке лайық екенін айтты. Әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің ерен еңбектері үшін алғыстарын жеткізіп, сый-сияпаттарын да тарту етті.

   Салтанатты жиында бір топ қызметкердің еңбегі еленіп, марапатқа ие болды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі мен фольклорлық ансамблінің өнерпаздары мерекелік шараның көркін ашты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"