«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 2016 оқу жылын қорытындылаған жиын өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен құрылымдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен 2016 оқу жылын қорытындылаған оқу әдістемелік жиын өтті. Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен басқарма органдарының әзірлік жоспарына сәйкес жүзеге асты.

Алғашқы күні 2016 оқу жылын қорытындылаған оқу әдістемелік жиынның жоспары түсіндірілді. Барлық топтарда лездеме ұйымдастырылды. Сержанттар кеңесін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-ші сыныпты сержант Ғалымжан Таукебаев өткізді. «Дабыл бойынша әскери бөлімнің қимылы» тақырыбындағы нұсқаушылық-әдістемелік дәріс 28738 әскери бөлімінің базасында болды. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірудегі қимыл, қарауыл бөлмесіндегі жеке құрамның әрекеті (қарауыл ауысымының тәртібі), казармадағы жеке құрамның амалы, басқарманың стационарлық пунктіндегі лауазымды тұлғалардың жұмысы, қоймадағы, жауынгерлік машиналар паркіндегі, роталық (батареялық) колонналардың жасақталу ауданындағы, әскери бөлімді блоктау кезіндегі жеке құрамның әрекеті іс жүзінде көрсетілді. Сондай-ақ, «Атысты жүргізуді ұйымдастыру», «Таңертеңгілік дене шынықтыру жасаудың әдістемесі», «Әскери шаруашылықты жүргізудің бақылауын ұйымдастыру» тақырыбында да әдістемелік сабақтар өтті. Үш күнге созылған жиында «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасарлары оқу жылын қорытындылап, баяндама жасады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов 2017 оқу жылының қыс мерзіміндегі міндеттерді пысықтады. Бұдан соң 2016 оқу жылындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен басқарма органдары дайындығының қорытындысы туралы бұйрық оқылып, жауынгерлік жарыстың жеңімпаздары марапатталды. Мотоатқыштар батальондары, танк батальондары, артиллериялық дивизиондар, зымыранды дивизиондар, зенитті дивизиондар, жедел қамтамасыз ету батальондары, штабтық батальондар, материалды-техникалық қамтамасыз ету батальондары арасында топты жарғандар мадаққа ие болды. Үздік рота, үздік взвод, үздік бөлімше де анықталды. Елеулі еңбегі үшін бір топ әскери қызметшіге мақтау грамотасы, тағы бірқатарына бағалы сыйлықтар ұсынылды.

 

2016 жылғы оқу кезеңіндегі жауынгерлік жарыстың қорытындысы

атауы

орындар

әскери бөлімдер

Жалпы әскери бригадалар арасында   

1 орын

2 орын

3 орын

4 орын

10810 әскери бөлімі

27943 әскери бөлімі

30217 әскери бөлімі

40398 әскери бөлімі

Артиллериялық бригадалар арасында

1 орын                                                                      2 орын                                                                      3 орын

36803 әскери бөлімі                                                                           

10181 әскери бөлімі

28738 әскери бөлімі

Резервтегі бригадалар арасында           

1 орын                                                                      2 орын                                                                      3 орын

35411 әскери бөлімі

35835 әскери бөлімі

36376 әскери бөлімі

Жедел (техникалық) қамтамасыз ету бөлімдері арасында

1 орын                                                                       2 орын                                                                       3 орын

4 орын

5 орын

44793 әскери бөлімі

44736 әскери бөлімі

32388 әскери бөлімі

54770 әскери бөлімі

35804 әскери бөлімі

Сақтау базалары (қоймалары) арасында  

1 орын                                                                       2 орын                                                                     3 орын

4 орын

15701 әскери бөлімі

41446 әскери бөлімі

47007 әскери бөлімі 

16443 әскери бөлімі 

Жеке әскери бөлімдердің арасында          

1 орын                                                                       2 орын                                                                         3 орын

 

4 орын

5 орын

32355-К әскери бөлімі

21098 әскери бөлімі

гарнизондық офицерлер үйі

12794 әскери бөлімі

оқу орталығы

Әскери медициналық мекемелер арасында

1 орын

 

2 орын                                                                       

 

3 орын

 

4 орын

Семей қаласының әскери госпиталі

Аякөз қаласының әскери госпиталі                                                    

Үшарал қаласының әскери лазареті

Өскемен қаласының әскери лазареті

   Алда тұрған міндеттер жетерлік. Әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2017», «Танк биатлоны», «Суворов шабуылы», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери барлаудың үздіктері» және тағы басқа байқауларға қатысу үшін де дайындыққа барынша күш салу керек. Құрлық әскерлеріне жүктеліп отырған міндет – қазіргі соғыс пен қарулы қақтығыстардың түр-сипатына сәйкес, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және мобилизациялық әзірлігін одан әрі көтеру, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құраммен жұмыс сапасын арттыру. «Қарулы Күштерінің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық» ұранымен басталатын 2017 оқу жылында жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруде жеке құрамның қимылын одан әрі жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін құрылымдардың дайындығын арттыруға, басқарма жүйесі мен әскерилердің дене дайындығын күшейтуге ерекше көңіл бөлінбекші. Жаңа оқу жылында жауынгерлік әзірлікті ұйымдастыру барынша жақсартылып, әскерилердің кәсіби біліктілігі мен жоғары тәртібіне де ерекше мән беріледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"