«Шығыс» өңірлік әскерлері диагностикалық тест тапсырды

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының басқармасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығынан» арнайы мамандар қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың «ҚАЗТЕСТ» мемлекеттік жүйесінің бағдарламасы бойынша диагностикалық тест өткізді.

Диагностикалық тестілеуден «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738, 36803, 32388, 32355-К, 35411, 54770, 35804, 12794, 30217, 44736, 21098, 44793 әскери бөлімдерінің және Семей қаласы әскери госпиталінің әскери қызметшілері де өтті. Бұл шара ҚР «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында қолға алынып отыр. 2006 жылы құрылған «ҚАЗТЕСТ» - мемлекеттік жүйесі ҚР азаматтары мен Қазақстан аумағында қызмет ететін шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. Бұл жүйе TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ секілді басқа да тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген, әрі тест тапсырушының коммуникативтік компетенцияларын бағалауға бағытталған. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өту екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазақ тілін меңгерудің деңгейі анықталса, келесі кезеңде қазақ тілін меңгерудің деңгейі бағаланады. Тестілеу тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым секілді үш бөліктен тұрады. Тест сынағын тапсыру үшін 2 сағат 30 минут беріледі, оның ішінде 10 минут жауап парағын толтыруға жұмсалады. Қарапайым деңгейде 31-64 балл, базалық деңгейде 65-104 балл, орта деңгейде 105-119 балл, ортадан жоғары деңгейде 120-134 балл, жоғары деңгейде 135-145 балл, жетік деңгейде 146-150 балл беріледі. Бұған дейін әскери қызметшілерге тест сұрақтарының жүйесі жан-жақты түсіндірілген болатын. «ҚАЗТЕСТ» жүйесіндегі В1 және В2 деңгейінің тест тапсырмалары толық қамтылған «Тіл құралы» оқулығы да ұсынылған.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"