«Шығыс» жалпыәскери полигонында оқытушы-ұйымдастырушылар бас қосты

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жалпыәскери полигонында Семей қаласындағы орта мектептер мен колледждердің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы -ұйымдастырушыларының үш күндік оқу-әдістемелік жиыны басталды.

   Семей қалалық әкімшілігі мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мұрындық болуымен ұйымдастырылған алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының оқу-әдістемелік жиынының салтанатты ашылуы Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасында өтті. 

Жиынның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында орта мектептер мен колледждерде әскери-патриоттық жұмысты жүргізуші оқытушы-ұйымдастырушылардың әдістемелік және тәжірибелік біліктілігін арттыру. Бірінші болып мінбеге шақырылған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов мектеп оқушыларының әскерге деген көзқарасына әскери жетекшілердің киім-киісі, жүріс-тұрысы, білімі мен біліктілігі негіз болатынын айтты. Жиынға қатысушыларға сәттілік тілеп, шеберліктері шыңдалатын әскерилерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. 

«Шығыс» жалпыәскери полигонына шығарып салуға Ленинград қаласын неміс-фашист басқыншыларының қоршауынан босатуға қатысқан Ұлы отан соғысының ардагері Петр Коломин, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов, Семей қалалық әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлім бастығы Сержан Әзбергенов, ҚР ҚМ ардагерлер кеңесінің Семей қаласы бойынша төрағасы Ризабек Махудаев, атом сүңгуір қайықтарындағы радиациялық апат зардаптарын жоюға қатысушы 3-ші ранг капитаны Біләл Мұқашев та келді. ҚР ҚК ардагері запастағы полковник Александр Коновалов бір топ әскериді «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасына 5 жыл» естелік медалімен марапаттады. Салтанаттың соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"