«Шығыс» жалпыәскери полигонында «Мерген шебі» сайысына іріктелді

   Армиялық халықаралық ойындарының жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, «Шығыс» жалпыәскери полигонында «Мерген шебі» сайысы бойынша өңірлік қолбасшылықтың құрылымдары арасында іріктеу болды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары арасындағы үш кезеңнен құралған жарысқа 44736, 30217, 10810, 40398, 27943 әскери бөлімдерінен 22 әскери қызметші қатысты. Алғашқы кезеңде «Мергендік биатлоны», «Сынақ атысы», «Қорғаныстағы мерген», «Шабуылдағы мерген», «Түнгі уақыттағы атыс» жаттығуларын орындады. Макаров пистолетінен 25 метр қашықтықтағы нысанаға тұрып атты. Драгуновтың мерген винтовкасынан 300 метр қашықтықтағы нысанаға жатып атты. РГД-5 қол гранатасын 25 метр қашықтыққа лақтырды. Нысанаға дәл тигізе алмағандар 100 метрлік айып шеңберін айналды. Сондай-ақ, қол пулеметінен 700-800 метр, 500-600 метр, 300-400 метр қашықтықтағы нысанаға да жатып атты. Нысанаға дәл тигізгендер 10, 15 және 20 балл алды. Түнгі уақытта 200-250 метр, 300-400 метр, 500-600 метр қашықтықтағы нысананы көздеді. Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар жұптасып, 150-200 метрдегі ұшқышсыз ұшатын аппаратты нысанаға алды. Ал, «Арнайы атыс» жаттығуында әскерилерге тұтқынды кепілге алған лаңкестің басы көрсетілген арнайы бес нысаналы қалқан берілді. Мергендер жұбы бұл тапсырманы 150-200 метрден жатып жүзеге асырды. «Мергендер эстафетасы» аталған соңғы кезеңге үздік төрт команда шықты.   

   Ефрейтор Нұрмолда Мұқанов, аға маман-барлаушы-мерген (44736 әскери бөлімі): «Мерген дегеніміз кім? «Мерген дегеніміз – бақылау, бүркеу және дәл ату өнеріне арнайы оқытылған сарбаз. Оның мақсаты – командалық және байланыс құрамын, қарсыластың  мергені мен құпиясын жою. «Мерген» сөзі тұңғыш рет бірінші дүниежүзілік соғыста ұлыбританиялық армияда пайда болды. Яғни салмағы 60 грамм, түсі шұбар, қимылы шапшаң, әрі аулауы қиын құсқа байланысты туындаған. Құстың қазақша атауы – Тауқұдірет.Тарихи деректерге көз жүгіртсек, құралайды көзге атқан мергендердің арнайы жасақтары осыдан бірнеше ғасыр бұрын да болған. Мәселен, қазақ халқының әскери қолбасшысы Кенесары хан мергендердің әскери тобын құрап, олардан садақ тартуды, дәл есептеуді және көздеудің әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап еткен екен. Кеңестер Одағының кезінде де мергендер танымал болды. Яғни, мергендік өнері қай заманда болмасын жоғары бағаланды».

   Ефрейтор Нұрсұлтан Сәбитұлы, аға маман-барлаушы (10810 әскери бөлімі): «Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуын, құрылысын, механизмдері мен негізгі бөлшектерін, бөлшектелуі мен жинастырылуын, атыс кезінде болатын кідірістер мен оларды жоюдың тәсілдерін зейін салып оқу керек. Кәсіби мамандардың айтқанын тыңдай білу де аса маңызды. Мергендік винтовкадан ататын орынды дұрыс таңдай білу, атыс орнын ауыстырудың амалдарын, атысқа ыңғайлану, винтовканы оқтаудың тәртібін сақтау, атысты бастау, уақытша немесе толық тоқтату, винтовканы тексеру және оғын алу секілді жұмыс барысын бүге-шүгесіне дейін орындау жинақылық пен төзімділікті талап етеді. Тасадан ату, әуедегі нысаналарды ату, жатып, отырып немесе тұрып ату, тізерлей немесе тірей ату күнделікті жаттығулар арқылы жинақталатын тәжірибе. Қысқасын айтқанда, мергендік – үлкен мектеп. Осындай жарыстар жауынгерлік әзірлігімізді одан әрі арттырып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді».

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары арасындағы іріктеуден сержант Жандос Күлдархан, сержант Саят Садыханов, ефрейтор Нұрмолда Мұқанов, кіші сержант Данияр Вафин, аға сержант Нұржан Булькенов (44736 әскери бөлімінен), ефрейтор Ернат Бекенов (30217 әскери бөлімінен), ефрейтор Нұрсұлтан Сәбит, сержант Бақытжан Өтеулинов (10810 әскери бөлімінен) өтті. Олар ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері арасында 11-15 сәуір аралығында ұйымдастырылатын сайысқа қатысады. Топты жарған мергендер биылғы «Армиялық халықаралық ойындарында» бағын сынайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"