Шеберліктерін көкте шыңдады

   54835 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, бөлім командирі 1-ші сыныпты ұшқыш полковник Мақсұтбек Әділбаевтың қолбасшылығымен ұшқыштар тәжірибелік дағды мен шеберліктерін жетілдіруде.

Ұшқыштар күндіз және түнде күрделі метеорологиялық жағдайда ұшудың, әуеде ұшақты басқарудың, қонудың тәжірибесін көрсетті. Шеберліктерін шыңдап қана қоймай, әскери техника да сынақтан өткізілді. Ұшу қабілеттілігін жетілдірудің ерекшелігі сол, экипаждың қаруды нысана бойынша түрлі тәсілде қолдана білудің ептілігіне ерекше мән берілді. Жауынгерлік ұшуға қатысты барлық әрекет іс жүзінде авиациялық полигонда оқу-жаттығу ұшулары барысында пысықталады. Түнгі уақытта көзілдірікті пайдаланып, авиациялық қаруды жауынгерлік қолдану жөніндегі бірлескен оқу-жаттығуларына әскери бөлімнің қатысуы – жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін көрсетсе керек. Мәселен, биыл сәуір айында авиациялық полигондағы оқу-жаттығу ұшулары барысында тәжірибелі эктпаждармен қатар ӘҚК ӘИ түлектері аға лейтенант О.Тұрғанбай және лейтенант Е.Қами алғаш рет бомба лақтыруда өте жақсы бағаға тапсырды.

   Айта кетейік, 2018 оқу жылынан бастап 54835 әскери бөлімінде 1-ші сыныпты үш ұшқыш, 2-ші сыныпты төрт ұшқыш, сондай-ақ, жауынгерлік қимылдарды жүргізуге экипаждардың төрт жас коимандирлері мен бес штурман-ұшқыш дайындалды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"