Сержанттар әскери колледжді бітірді

Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде 152 түлекке оқу орнын бітіргені жөнінде дипломдар табыс етілді.

Биылғы бітіруші кәсіби сержанттар колледждің жиырма үшінші түлектері. Аталмыш рәсімге ата-аналары қатысқан жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, әскери оқу орнының басшылығы әлеуметтік желілер арқылы түлектердің туыстары мен жақындарына мерекелік шараға онлайн-трансляция ұйымдастырды.

Әдеттегідей, бірінші болып ерекше үлгідегі дипломдар табыс етілді. Бұл жоралғыға сегіз кадет лайық деп танылды. Үздіктердің қатарында – оқу озаты Айдын Жақай әскери колледждің жауынгерлік туымен қоштасу құрметіне ие болды.

Кәсіби сержанттар «Мотоатқыштар бөлімшелерін басқару» және жаяу әскердің жауынгерлік машинасының механик-жүргізушісі, «В1», «С1» санатындағы жүргізуші біліктіліктерін ала отырып, «Әскери істегі кіші буын менеджменті» мамандығы бойынша екі жылға жуық мерзімде білім алады.

Кіші командирлердің алған білімдері жауынгерлік техниканы пайдалануда, қаруды қолдануда ғана емес, сонымен қатар мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді үйретуге бағытталады.

Әскери қызметті жалғастырамын деуші түлектер Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің, арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімдеріне бөлінетін болады.

 

Анықтама ретінде: Кадет Корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес құрылды. 2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кадет корпусы «Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Әскери колледжі» болып қайта ұйымдастырылды.

Әскери колледжінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сержанттар құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша қызмет өткеретін кәсіби кадрларды даярлау болып табылады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"