Семейдегі "Жас ұлан" ерлер лицейінде патриоттық шара ұйымдастырылды

Семейдегі дарынды балалардың Шоқан Уәлиханов атындағы мамандандырылған «Жас ұлан» ерлер лицейінде «Уақыт бізді таңдады!» семинары ұйымдастырылды. Оған Шығыс Қазақстан облысындағы орта мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, қалалық және аудандық білім бөлімінің өкілдері шақырылды.

   Семинарды барабаншылар взводының тәрбиеленушілері ашты. Ашық алаңда қоян-қолтық ұрыс түрлері көрсетіліп, 5511әскери бөлімінің әскери оркестрі де өнер көрсетті. Бұдан соң пәндер бойынша шеберлік сыныптары басталды. 102-ші топта «Әскери терминология», 101-ші топта «Әскери-техникалық мазмұндағы есептерді шығару», 71-ші топта «АК-74 автоматын компьютерлік техниканы қолдана отырып, жартылай шашып-жинау» тақырыбында топтық жұмыстары мен біріктірілген жобалар жүзеге асты. Түрік тілі үйірмесінің «Türkye ve Kazakistan ilgili ülkeler» («Түркия мен Қазақстан үлгілі өлкелер») сабағы да болды. Пленарлық мәжілісте сөз сөйлеген қонақтар патриоттық тәрбие беруді қазіргі заманның талаптарына сай жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Сан алуан негіздерді, әдіс-тәсілдер мен жолдарды ұсынды. Отансүйгіштік пен патриотизм мәселесін де жан-жақты талқылады. Шара барысында ерлер лицейінің түлектері мен Ресей Федерациясының Алтай кадет корпусының курсанттары «Білім – күш, «Жас Ұлан» – болашаққа бастар жол» телекөпіріне қатысты.

   Семинардың соңында ұйымдастырлған көркемөнерпаздар концертінде кадет сыныптарының «Шығыс ұланы» әнұранының тұсауы кесілді. «Шығыс ұланы» аллеясына шыршалар да отырғызылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков