Семей өңірлік гарнизонында жауынгерлік әзірліктің жетістігі бағаланды

   Жуырда ҚР Қорғаныс министрінің «2016-2018 жылдары ҚР ҚК сержанттық құрам дайындығының жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» бұйрығының негізінде Семей өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері нұсқаушыларының жиыны өтті.

   Ол 36803 әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылды. Жауынгерлік әзірлік пәндері бойынша жеке құрамның жеке дайындығының тиімділігі мен сапасын арттыру, оқытудың жаңа әдістері мен оқу процесін ұйымдастырудың оңтайлы түрін енгізу және оқыту принциптерін толықтай жүзеге асырудың негізінде жауынгерлік әзірлік шараларын ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жетілдіруді мақсат еткен жиынға Семей гарнизонының әскери бөлімдерінен 131 сержант қатысты. Олар әдістемелік дайындық, әскердің күнделікті қызметін басқару, атыс даярлығы, дене даярлығы, әскери топография, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету пәндері бойынша дәріс алды. Дәрістерді Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусында дайындықтан өткен сержант-нұсқаушылар өткізді. Сержанттар жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіпке қатысты өзекті мәселлерді талқылауда белсенділік танытты. Бағынышты адамдарды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі сержанттық құрам мен офицерлер арасындағы өзара байланыс және күнделікті қызмет барысындағы тәжірибелерімен де бөлісті. Жауынгерлік дайындық жөнінде жеке құраммен сабақ жүргізудің әдісі мен сапасына басты назар бөлінді. Теориялық білімді тереңдетіп, оны іс жүзінде көрсете білудің ептілігіне де мән берілді. Мәселен, ату қаруынан тәжірибелік жаттығуларды орындауда 44736 әскери бөлімінің рота сержанты 2-ші сыныпты сержант Н.Әмірғалин, 44793 әскери бөлімінің батальон сержанты аға сержант Д.Сыбанжанов, 28738 әскери бөлімінің дивизион сержанты аға сержант А.Жақсалықов, теориялық білімін көрсетуде 44736 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант М.Серікпаев үздік шықты. Әскердің күнделікті қызметін басқару бойынша 28738 әскери бөлімінің дивизион сержанты прапорщик Н.Әбденов, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының патруль бастығы старшина А.Бекқалиев, 32388 әскери бөлімінің взвод сержанты сержант Е.Битенов, дене дайындығы бойынша әдістемені меңгеруде 44736 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант К.Қойшыбаев, теориялық білімі жағынан 28738 әскери бөлімінің батарея сержанты 3-ші сыныпты сержанты Б.Айтбаев, 3000 метрге жүгіруден үздік нәтиже көрсетуде 44793 әскери бөлімінің рота сержанты аға сержант А.Нұрқасов топты жарды. Инженерлік дайындық бойынша 54770 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант К.Нұртаев, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша 36803 әскери бөлімінің батарея сержанты 3-ші сыныпты сержант Д.Сахариев, РПГ және гранаталар бойынша тәжірибелік жаттығуларды орындауда 44793 әскери бөлімінің рота сержанты 3-ші сыныпты сержант Е.Қойлыбаев, теориялық білімі жағынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қордағы жұмылдыру даярлығы бойынша оқу орталығының взвод сержанты сержант А.Чучеков көзге түсті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 44736 әскери бөлімінің рота сержанты 3-ші сыныпты сержант Қ.Сәлменов, 32388 әскери бөлімінің рота сержанты аға сержант А.Ақажанов, 36803 әскери бөлімінің батарея сержанты сержант Б.Чабжанов ерекшеленді. Ал, әскери топография пәні бойынша 44793 әскери бөлімінің рота сержанты аға сержант Ә.Нұрахметов пен 44736 әскери бөлімінің топ сержанты аға сержант А.Сексембаев өзгелерден озық шықты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасындағы рейтинг бойынша 44793, 28738, 44736, 36803, 32388, 54770, 32355-К әскери бөлімдері көш бастады. Жиынның соңында жоғары көрсеткіші үшін бір топ әскери қызметші мақтау грамотасымен марапатталып, 36803 әскери бөлімінің сержанты 1-ші сыныпты сержант Ф.Сапрыкин алғыс алды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-ші сыныпты сержант Ғалымжан Таласбекұлы Таукебаев 131 сержантқа сертификат табыс етті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков