Семей гарнизонында нұсқаушылар дайындығының екінші кезеңі аяқталды

ҚР Қорғаныс министрінің «2016-2018 жылдары ҚР ҚК сержанттық құрам дайындығының жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» бұйрығына, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының «ҚР ҚК Құрлық әскерлері құрылымдары мен бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігінің батальонды нұсқаушылармен оқу-әдістемелік жиынын ұйымдастыру мен өткізу туралы» бұйрығына, сондай-ақ, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы бұйрығына сәйкес, Семей гарнизонында нұсқаушылар дайындығының екінші кезеңі аяқталды.

Ол жауынгерлік әзірлік пәндері бойынша жеке құрамның жеке дайындығының тиімділігі мен сапасын арттыру, оқытудың жаңа әдістері мен оқу процесін ұйымдастырудың оңтайлы түрін енгізу және оқыту принциптерін толықтай жүзеге асырудың негізінде жауынгерлік әзірлік шараларын ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жетілдіруді мақсат етеді. Нұсқаушылар дайындығының екінші кезеңіне 123 сержант қатысты. Олар әдістемелік дайындық, әскердің күнделікті қызметін басқару, атыс даярлығы, дене даярлығы, әскери топография, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, қауіпсіздікті қамтамасыз ету пәндері бойынша дәріс алды. Жауынгерлік дайындық жөнінде жеке құраммен сабақ жүргізудің әдісі мен сапасына басты назар бөлінді. Теориялық білімді тереңдетіп, оны іс жүзінде көрсете білудің ептілігіне де мән берілді. Жиынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-ші сыныпты сержант Ғалымжан Таласбекұлы Таукебаев жетекшілік етті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"