Семей гарнизоны жас жауынгерлермен толықты

Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонына бір топ сарбаз келді

1.1. Семей гарнизоны жас жауынгерлермен толықты.jpg

Алматы және Ақтөбе облыстарынан шақырылған 100-ден астам жауынгер Семейдің теміржол вокзалынан қарсы алынды. Жас сарбаздар жиынының әкімшілік құрамы санитарлы-гигиеналық шаралардың қатаң сақталуына ерекше мән берді. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін әскерге шақырылушылардың жиын пунктерінде медициналық бекеттер дәрігерлерінің жіті бақылауында болып, жөнелтілу алдында экспресс-әдіспен тест тапсырған еді. Әскери бөлімдерге келген соң екінші рет тексеруден өтіп, міндетті түрде ПТР әдісімен лабораториялық зерттеу жүргізілді. Ондағы басты мақсат – жұқпалы індеттің әскери ортада таралып кетуіне жол бермеу. Әскери борышын өтеуге келгендер жас жауынгерлердің бір айлық жиынына қатысып, ол аяқталған соң әскери ант қабылдайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"