Сбор-поход по Каспию совершили военные моряки / Әскери теңізшілер Каспий теңізі бойынша жиын-жорық жасады

"Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" және "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында еліміздің әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы бойынша жиын-жорық жасады.
Группа кораблей Военно-морских сил Казахстана в составе ракетно-артиллерийских кораблей "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" и "Маңғыстау" совершили сбор-поход по акватории казахстанского сектора Каспийского моря.

Экипаждар әскери кемелер мақсатына сәйкес тапсырмаларды шешетін жүзу аймағын зерттеді.
Теңізшілер корабльдік жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтады. Сонымен қатар, әуе және су үсті нысаналарына оқ жаудырды.
«Мұндай жорықтар жеке құрамға тәжірибелік және теориялық дағдыларды игеруге, кемелер экипаждарының теңіз машығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті жиын-жорықтың жетекшісі, Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
Оның айтуынша, кемелер экипаждары қойылған міндеттерді толық көлемде орындады. Науқан алдында кемелер мұқият тексеріліп  дайындалған. Бұған дейін Қазақстан ӘТК кемелері ағымдағы жылдың маусым айында жиын-жорыққа шыққан болатын.
Жалпы биылғы оқу жылында, қаңтар айынан бастап қыркүйек айына  дейін Қазақстанның Әскери-теңіз күштері теңізге 27 рет шығып, 6200-ден астам теңіз милін жүріп өтті.

Экипажи изучили район плавания, где военные корабли решают задачи согласно предназначению.
Моряки отработали корабельные боевые учения, провели стрельбы по воздушным и надводным целям.
«Подобные походы позволяют личному составу обрести практические и теоретические навыки, повысить уровень морской выучки экипажей кораблей», – отметил руководитель сбор-похода, главнокомандующий Военно-морскими силами контр-адмирал Сакен Бекжанов.
По его словам, экипажи кораблей в полном объеме выполнили поставленные задачи. Походу предшествовала тщательная проверка и подготовка кораблей. Ранее корабли ВМС Казахстана выходили в сбор-поход в июне текущего года.
В целом в нынешнем учебном году, с января по сентябрь, Военно-морские силы Казахстана совершили 27 выходов в море, прошли свыше 6200 морских миль.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Как определить местонахождение и расстояние до объекта

Как определить местонахождение и расстояние до объекта