Сарыөзек әскери гарнизонында сержанттар жиыны өткізілді

Сәуірдің 12 – 21 жұлдызы аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Жұмакеевтің басшылығымен және Аэроұтқыр әскерлерінің сержанты 1-сынып сержанты А.Хасеновтың ұйымдастырумен Сарыөзек әскери гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінде сержанттардың, яғни кіші буындағы командирлердің біліктілін арттыру мақсатындағы батальон сержанттарының жиыны өткізілді.

Бекітілген оқыту жоспарына және арнайы бағдарлама талаптарына сәйкес жиын барысында тактикалық, атыс, дене шынықтыру, инженерлік дайындығы, әскери топография және тағы басқа пәндер бойынша батальон сержанттары өз білімдерін жетілдірді. Атап айтар болсақ, жауынгерлік даярлықтың негізгі бағыттары – атыс даярлығы, әскери көліктер – БТР-80, КАМАЗ-дарды жүргізу бойынша және АК-74, ПМ қаруларынан атып, шеберліктерін шыңдады.

Е.Жүнісов, С.Садықов, Д.Қадыров, С.Балабеков сияқты сержанттар өз білімдерінің жоғары деңгейде екендіктерін дәлелдей білді. Сонымен қатар, батальон сержанттары күнделікті таңертеңгі жаттығулар барысында өздерінің дене даярлықтарын дамытып, 8 түрлі жаттығу бойынша сынақтар тапсырды.

Командирлік даярлықтың сапалы өтуіне үлес қосқан Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасы тәрбие басқармасының психологы подполковник А.Дворников, 12740 әскери бөлімінің білікті офицерлері майор А.Жақтынбаев, капитан А.Қалықов, 12710 әскери бөлімінің бригада сержанты 1-сынып сержанты А.Қожағалиев сияқты әскери қызметшілерге алғысымыз зор.

Бейбіт уақытта осындай берері мол жаттығулар әскери қызметшілерді жан-жақты дамытып, патриоттық рухтарын, кез-келген уақытта кез-келген тапсырманы бұлжытпай орындауға үйретері сөзсіз.

Жас сарбаздарды әскери іске даярлау барысында осынау сержанттардың білімділігі мен сауаттылығы аса үлкен рөл атқармақ.

Ия, айтса айтқандай кіші буындағы командирлердің даярлығының

жоғары болуы жеке құрамның даярлығына тигізер пайдасы зор болмақ.  

Аэроұтқыр әскерлері сержанттары – «Біріміз-бәріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деген ұранды алға ұстап  Отан алдындағы қасеитті борыштарын өтеуге  әрқашан дайын.

 

2-сынып сержанты Н.Айтимов,

Аэроұтқыр әскерлері сержанттар

құрамымен жұмыс істеу бөлімшесінің

нұсқаушысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"