«Сардар» олимпиадасы оқушылардың әскери жоғары оқу орындарына түсуге әзірлігін тексеруде

Алматыда қаланың жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Сардар» кешенді олимпиадасы өз мәресіне келіп жетті. Бұл республикалық турға іріктелген қатысушылардан тұратын, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әскери және азаматтық мектептердің түлектері өнер көрсететін олимпиаданың қалалық айналымы.

Оқушылар теориялық турдан өтті. Физика, математика, мемлекеттік және орыс тілдері, алғашқы әскери дайындық бойынша тест тапсырды. Практикалық бөлімде балалар жеке дара саптық дайындықты паш етіп, АК-74 автоматын толық емес жинап-шашуды орындады және белтемірге тартылды.   Екі айналымның нәтижелері бойынша жүлделі орындарға ие болған төрт үздік анықталды. Жеңімпаздар дипломдар және грамоталармен марапатталды. «Бұл Олимпиадаәрқайсысымыз үшін күрделі сынақ болды.

Әрі қарай одан да күрделі болмақ. Себебі, әскери білім ошақтарының жігіттері қосылады.  Мен өз қаламда жақсы нәтижелер көрсеттім және республикалық кезеңде жеңімпаздардың арасында боламын деп үміттенемін», - дейді олимпиаданың бас жүлдесін жеңіп алған Алматы қ. №39 мектеп-лицейінің шәкірті  Сырым Берікбол. «Сардар» олимпиадасы еліміздің әскери және азаматтық оқу орындары бітірушілерінің зияткерлік қабілеттіліктерін дамытуға, әскери қызмет пен әскери қызметшінің кәсібінің беделін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, бұл бозбалалардың Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына түсуіне әзірлігін өзінше тексеру, анағұрлым дайындалған үміткерлерді айқындау болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"