Сарбаздарды шығарып салу рәсімі


35748 әскери бөлімінде ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2017 жылдың екінші күзгі шақырылымындағы сарбаздарды әскер қатарынан шығарып салу салтанатты іс-шарасын өткізді.

Әскери бөлімнің алаңына тізілген сарбаздарды мінбеде бөлім командирі полковник Асхат Абдуваитов құттықтады. Құттықтау барысында бір жыл атқарған еңбектері мен Отан алдындағы борышын бұлжытпай орындағандарына алғыс айтып, болашаққа сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы Ардагерлер төрағасының орынбасары запастағы подполковник Шамиль Тазудинов сөз алып, Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқарған жауынгерлерге ақ батасын жаудырды. Сонымен бірге, 2018 жылғы көктемге шақырылымдағы жас әскери қызметші қатардағы жауынгер Арай Іргебек мерзімді әскери борышын өтеген жауынгерлерге ізбасарлары ретінде алғыс айтып, тілектерін жеткізді.

Әскери борышын толық өткерген әскери қызметші қатардағы жауынгер Серікбол Олжабаев мерзімді қызметін өткерген жауынгерлер атынан әскери бөлім басшылығына алғысын білдіріп, өжеттілік пен қайсарлықты, сабырлықты, Отанға, елге деген патриоттық сезімді сезінгендерін, қолдарына қару ұстап машыққандарын мақтанышпен айтып, қимастықпен қоштасты.

2017 жылдың II күзгі шақырылымындағы жауынгерлерді шығарып салу және қызметтік парызын атқарудағы ерекшеленген сарбаздарды марапаттау туралы бұйрықты штаб бастығы - 35748 әскер бөлім командирінің орынбасары подполковник Аралбек Танатов жеткізе отырып, алғыс хаттар және граммоталармен марапаттап, естелік суреттерге түсті.

 

Д.МАМЕНОВ

35748 әскери бөлімінің идеология,

арнайы үгіт-насихат және мемлекеттік

құқықтық жүмыстар жөніндегі

аға офицері


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"