Сарбаздар олимапиада чемпионымен кездесті

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «25 жұлдызды күндер» акциясының аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөліміне жуырда шақырылған сарбаздар Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченкомен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

 Атланта олимпиадасының чемпионымен кездесу 27943 әскери бөлімінің басшылығы және Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің бірігуімен жүзеге асты. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өткен шараға мерзімді қызметтегі 50 сарбаз қатысты. 

Юрий Мельниченко Қырғызстанда дүниеге келген, ұлты украин. Грек-рим күресінен 57 келіге дейінгі салмақта жастар арасында әлем чемпионы (1990, 1991), ҚР грек-рим күресінен еңбегі сіңген спорт шебері (1994), Қазақстанның жеті мәрте чемпионы, Азияның екі мәрте чемпионы (1996, 1997), Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага 1995, Афина 1999), XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы (Атланта, 1996), әлем чемпионы (1994, 1997), II Шығысазия ойындарының чемпионы (1997), II Орталықазия ойындарының чемпионы (1997), грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы (2000-2004) болды. XXVIII  Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Георгий Цурцумияны жеке жаттықтырушы ретінде дайындады. 2004 жылдан бері ҚР күрестен Федерация және қауымдастық вице-президенті, жаттықтырушы-оқытушы.

   Тәуелсіздік алғаннан кейінгі олимпиада ойындарында қазақтың көк байрағын желбіреткен тұңғыш олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко сарбаздардың көптеген сауалдарына жауап берді. Биік армандарға жетудің жолдарымен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстануға да шақырды. Жауынгерлер кездесуден ерекше рухтанып қайтты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"