Сап түзеген жас сарбаздар

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егеменді мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін....

 

(Қазақстан Республикасының Әскери анты мәтінінен үзінді)

 

    Биылғы жылдың мамыр айындағы соңғы онкүндігіндігінің жадыраған шуақты күндерінің бірінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің Приозерск гарнизонында орналасқан 06708 әскери бөлімі мен 18405 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Салтанатты жиынға «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшылық басқармасының зымыран әскерлері және артиллерияның бастығы – әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Кашкимбеков Дәулет Есенұлы қатысты.

Жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бетпердесін ашу кезіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесі жас сарбаздар жиыны кезінде жауынгерлік даярлықта үздік танылған қатардағы жауынгер Көкленов Нұрболатқа бұйырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілгеннен кейін жеке құрамға Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Абеков Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сай, Отан алдындағы борышты өтеу кезіндегі Әскери анттың маңыздылығын жеткізді. Лауазымды басшы подполковник Жасұлан Садуұлы өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» - деп жазылған. Әскери ант қабылдау рәсімі – бұл әрбір жауынгердің Ата заң алдындағы міндетіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшы тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ өз Отанын қорғауға әрқашан дайын болу керек екендігін білдіреді» - деп, ой түйді.

Бір сызық бойына сап түзеген жас сарбаздар салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Короновирус індетінің таралуының кедергі болуымен, бірнеше жылғы үзілістен кейін әскер қатарына шақырылған мерзімдік қызмет әскери қызметшілердің ата-аналары мен туған-туыстарының қатысуымен өткен салтанатты жиында «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшылық басқармасының зымыран әскерлері және артиллерияның бастығы – әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Кашкимбеков Дәулет Есенұлы, Приозерск қалалық Маслихатының хатшысы Сарсембеков Бекзат Мұхсинұлы және 77437 әскери бөлімінің командирі Алимбетов Арыстан Абдуллаевич құттықтау сөз сөйледі. Жас сарбаздар атынан мінберге көтерілген қатардағы жауынгер Кенжеғалиев Данияр мен қатардағы жауынгер Воронцов Артур көпшілік алдында өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын соңынан жас сарбаздар өздерінің әскери өмірге бейімделудің алғашқы күндерінде жинақтаған тәжірибелерін көрсетіп, жиналған қонақтарға, ата-аналарға және туған-туыстарына дене шынықтыру дайындығындағы спорттық жаттығу түрлері, жауынгердің қарумен саптық тәсілдері және спорттық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің қимылдарын іс-жүзінде көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны жоғары деңгейде асқан ұйымшылдықпен өтті.

Думан Құрманғалиев

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"