Полковник Н.Таусаров басқаратын 78460 әскери бөлімінде салауатты өмір салтын сақтау, маскүнемдік және токсикомандық, нашақорлық заттарды қолданудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар онкүндігі өтті.
78640 әскери бөлімінде осы онкүндікке орай шілденің 11-і мен 20-сы аралығында спорттық жауынгерлік даярлық өткізілуде. Ол бойынша спорттық іс-шаралар, атап айтқанда 5 шақырымға жүгіру ұйымдастырылып, құқықтық ақпараттандыру сабағы өткізілуде.
Мерзімді әскери және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әлемге кеңінен тамыр жайған нашақорлық, ішімдік, маскүнемдік және таксикомандық жолға түскен адамдардың өмірі мен олардың денсаулықтарында болып жатқан оқиғалар шағын түсірілген бейнеролик арқылы түсіндірілді.
Осыған орай өткізілген іс-шаралар жауынгерлерге дұрыс тәрбие береді деп үміттенеміз.
МайорТ.ҚАСЫМОВ