Салауатты өмір салтын насихаттады

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында Семей гарнизонына қарасты әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының, бөлім және батальон сержанттарының қатысуымен  салауатты өмір салтын насихаттауға арналған онкүндігі аясында жиын ұйымдастырылды.

Басқосуда әскери қызметшілердің арасында кездесетін құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасаған әскери қызметшілердің сотталуы жөніндегі ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрықтары жеткізілді. Соттардың үкімдері, қылмысқа барудың себеп-салдары талқыланды.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, мас күйінде көлік жүргізу, ұсақ бұзақылық жасау, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзу секілді әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының сапасын арттыру жөнінде де талап қойылды. «Салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікті, есірткі және улы заттарды пайдалануды ескерту» онкүндігі аясындағы жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар хаттамаға тіркелді.

 

Алуа ИСКАКОВА

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"