Рухани жаңғыру – жастар таңдауы

   Еліміз Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында көрсетілген міндеттерге мән беріп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі 4-ші орта мектепте әскери қызметшілердің балаларымен «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» тақырыбында пікір алмасу кешін өткізді.

   Бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің психологі Ф.Кәрімова ұйымдастырған шараға әскери қызметшілердің балалары белсене қатысты. Олар Жолдаудың әрбір тарауы халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы өзекті мәселелердің шешіміне бағытталғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екенін айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы да өз пікірлерін толық жеткізді. Сондай-ақ, биылғы жастар жылында атқарылатын іс-шаралардың мәні мен маңыздылығына мән берілу керектігін де қозғады. Бүгінгі жастардың өзекті мәселелерін қозғап, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы да ойларын ортаға салды. «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» пікір алмасу кешіне әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет басшысы Г.Утешева, балалармен жұмысты ұйымдастыру секторы М.Омарова, 10810 әскери бөлімінің батальон командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары да қатысып отырды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"