Роталық тактикалық топтарды оқыту ұрыс жағдайына келтіріліп өткізілуде

Роталық тактикалық топтар мен батареяларды үйлестіру Құрлық әскерлерін жауынгерлік оқытудың кезекті кезеңі болып табылады. Әскери қызметшілермен жасақталған бөлімшелер қызметтің екінші кезеңінде дәйекті оқыту қағидасын ұстана отырып, жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңіне өтті.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қорғаныс министрлігінің басшылығына жүктеген тапсырмаларын іске асыра отырып, әскерлерді даярлау кезінде олардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруға ерекше назар аударылады.
Сабақтарды өткізу кезінде қазіргі қарулы қақтығыстарға тән тактикалық жағдай жасалады. Бөлімшелерді елді мекендерді қорғау және терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін қолданудың жаңа тәсілдері енгізілуде. Қазіргі заманғы ұрыстың ерекшеліктеріне, оқу барысында ахуалды барынша ұрыс жағдайына келтіріп өткізуге ерекше назар аударылды.
Тактикалық топтарды үйлестіру оқу-жаттығу полигондарында штаттық қару-жарақпен тактикалық-саптық сабақтарды, атыс жаттығуларын, жауынгерлік атыс жүргізу арқылы оқ атуды басқару жаттығуларын орындау түрінде өтеді.
Одан өзге, оқу-жаттығу барысында байланысты ұйымдастыру, барлау, бүркемелеу, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, жауынгерлік және жорықтық қорғау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері де пысықталуда.
Бөлімшелерді үйлестірудің соңғы кезеңі жауынгерлік атыспен тактикалық оқу-жаттығу жүргізу болып табылады. Бұл ретте командирлер мен жеке құрам шынайы ұрысқа келтірілген жағдайда оқу-жауынгерлік міндеттерді орындап, іс жүзінде машықтанады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"